Консерваториясының ректоры Қазақстан Республикасының Австриядағы Елшісі Мұхтар Бексенұлы Тілеубердімен кездесті
2025 жылғы 19 тамызда Вена қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова мен ректор аппараты қызметінің жетекшісі Виталий Сиротин Қазақстан Республикасының Австриядағы Елшісі Мұхтар Бексенұлы Тілеубердімен кездесті.
Кездесу барысында ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізіліп, болашақтағы білім беру және мәдени жобалардың ықтимал бағыттары талқыланды. Диалог өзара қызығушылық пен қолдау атмосферасында өтті. Алдағы кезеңде қазақстандық өнерді шетелде ілгерілетуге бағытталған ауқымды жоспарлар жүзеге асырылмақ.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы стратегиялық әріптестіктерді дамыту ісін жалғастырып келеді. Венадағы бұл кездесу осы бағыттағы маңызды қадам болды. Бұдан әрі кәсіби қауымдастықпен диалог орнату, жаңа жобаларды жүзеге асыру және қазақстандық музыкалық білім көкжиектерін кеңейту жоспарланып отыр.