Өнертану кандидаты Тамара Қажғалиқызы Жұмалиеваның мерейтойын салтанатты түрде атап өтті
12 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы танымал ғалым-музыковед, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, «Новая музыкальная газетінің» бас редакторы, өнертану кандидаты Тамара Қажғалиқызы Жұмалиеваның мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.
Мерейтой иесінің көпжылдық жемісті қызметіне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әріптестері, шәкірттері мен достары бас қосты. Модераторлар - «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті Г.Д. Қалымова мен кафедра оқытушысы Я.С. Кременцова болды.
Алғашқы құттықтау сөзін консерваторияның ректоры, PhD (философия докторы) Г.К. Тасбергенова алды. Ол Тамара Қажғалиқызын Қазақстандағы музыкалық білім мен ғылымның дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, мерейтойымен шын жүректен құттықтады. «Музыкатану және композиция» кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD докторы М.Т. Койлыбаева кафедра ұжым атынан дайындалған ақ тілектер жазылған құттықтау хатты оқып беріп, мерейтой иесінің адал еңбекқорлығы мен кәсіби қасиеттерін ерекше атап өтті.
Жұмалиева Тамара Қажғалиқызының есімі көп жылдан бері қазақ музыкасы саласындағы терең зерттеулермен, шетел музыкасын зерттеудегі жаңашыл тәсілдермен, қазіргі заман композиторларының шығармашылығымен тығыз байланысты. Оның Қазақстан музыкатану ғылымын дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ғылыми қызығушылықтарының ауқымы таң қалдырарлықтай. Оның соңғы монографиясы – француз композиторы Эрик Сатидің шығармашылығына жаңа, ерекше көзқарас ұсынған «Эрик Сати. Уақытты еңсерген композитор» атты кітабында композитордың музыкалық әлеміне терең бойлап, кезеңнің кең ауқымын, стильдік тенденцияларын қамтитын еңбек; қазақстандық композиторлардың шығармашылығында симфониялық картиналар жанры, сондай-ақ Р. Штраустың шығармашылығы туралы шығуға дайын жаңа монографиясы зерттелген.
Оған қоса, Т.К. Жұмалиева отандық қолданбалы музыкатанудың негізін қалаушы болып табылады, көптеген жылдар бойы ол музыкалық сын мен журналистикаға арналған алғашқы арнайы басылым – «Жаңа музыкалық газетінің» бас редакторы болып қызмет етуде.
Іс-шара барысында профессор Т.К. Жұмалиеваның ғылыми, музыкалық-сыншы және педагогикалық қызметінің әртүрлі аспектілеріне арналған баяндамалар тыңдалды. «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, Мәдениет саласының үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты Т.У. Оспанова өз баяндамасында Т.К. Жұмалиеваның қазақ музыкасының тарихын зерттеуге қосқан үлесі туралы баяндап, оның терең білімі мен зерттеулерге деген түбегейлі көзқарасын атап өтті. Сонымен қатар, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану кандидаты В.Е. Недлина профессор Т.К. Жұмалиеваның еңбектерінде әртүрлі музыкалық мәдениеттердің өзара әрекеттесу мәселесін қарастырды.
Т.К. Жұмалиеваның музыкалық-сыншылық қызметі «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану магистрі, Мәдениет саласының үздігі Г.Д. Қалымованың баяндамасында айтылды. Сондай-ақ баяндама Т.К. Жұмалиеваның «Жаңа музыкалық газетіндегі» бас редактор ретіндегі қызметі туралы сөз қозғалды.
Т.К. Жұмалиеваның ұстаздық таланты туралы «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты Г.Ж. Мусағұлова «Т.К. Жұмалиеваның педагогикалық қызметі. Оның шәкірттерінің ғылыми жетістіктері» тақырыбында баяндама жасады.
Айта кету керек, «дөңгелек үстелді» ұйымдастыру бастамасы Тамара Қажғалиқызын тәрбиелеген шәкірттерінде ерекше серпіліс тудырды. Олардың ынтасы мен кәсібилігі Тамара Қажғалиқызы құрған мектептің жоғары деңгейдегі сабақтастығын дәлелдейді. Кафедрада оның сегіз шәкірті қызмет етіп жатқандығы Тамара Қажғалиқызын музыкатану ғылымы саласындағы жаңа ұрпақтың қалыптасуына үлкен әсерін тигізгенін көрсетеді.
Өзінің бейнемазмұнды құттықтауында музыкатанушы Е.Багаева (РФ, Екатеринбург) өз профессорының ұстаздық қағидалары туралы өте әсерлі әңгімелеп берді.
Келесі баяндамашы, «Ансамбль өнері» кафедрасының оқытушысы, өнертану магистрі Т.В. Максимчев өзінің «Рихард Штраус: вокалдық музыка зерттеу мәселелері» (Т.Жұмалиеваның Т.Максимчевпен бірлесіп жазған жаңа кітабы туралы) атты баяндамасын көпшілікке ұсынды. Тамара Қажғалиқызы мен Т.Максимчев Рихард Штраус шығармашылығын зерттеу бойынша үлкен жұмыс жасады десек болады. Бұл – ұстаз бен шәкірттің жемісті ынтымақтастығының жарқын мысалы.
Мерейтой иесі сөз алып, қызықты оқиғалар мен ұлы адамдармен кездесулерге толы болған өмір жолы тыңдаушылардың жүрегін баурап алды. Мәскеуде оқыған жылдары, атақты педагогтары туралы, сондай-ақ А. Хачатурянмен кездесулері жайлы қызықты әңгімесін айтып берді.
Профессор Т.Жұмалиеваның таланты мен ғылыми жетістіктері туралы айтатын көптеген құттықтау хаттары мен бейнемазмұнды құттықтаулар еліміздің әртүрлі аймақтарынан және шетелдерден келіп түсті. Астанадан әріптестері ҚазҰӨУ ректорының міндетін атқарушы, ө.ғ. кандидаты Р.С. Нұртаза мен ҚазҰӨУ «Музыкатану и композиция» кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор С.Ж. Еркімбеков екі бейнемазмұнды құттықтау жолдады.
Бейнебайланыс арқылы дөңгелек үстел жұмысына бүгінде Оңтүстік Кореяда Чхуге Өнер университетінде табысты қызмет атқарып жүрген музыка зерттеушісі Л.Н. Гаук қосылды.
Құттықтау хаттары Қазақстан Республикасы М.О. Ауэзов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі К.С. Матыжановтан, К.Байсейітова атындағы Республикалық арнайы музыкалық мектеп-интернатының директоры Б.Т. Абдрашев, А.Жұбанов атындағы Республикалық арнайы музыкалық мектеп-интернатының директордың міндетін атқарушы Н.Н. Ашировтан келіп түсті.
Сондай-ақ мерейтой иесіне «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, өнертану докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.И. Утегалиева, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Т.М. Сатыбалдина, музыкатанушы К.К. Үзенбаева, «Вокалдық өнер» кафедрасының доценты, MBA, Мәдениет саласының үздігі А.А. Юсуповалар жылы лебіздерін білдірді.
«Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты А.К. Омарова Т.К. Жұмалиеваның қазақ операсын зерттеудегі рөлі туралы мазмұнды баяндама ұсынды.
«Музыкатану және композиция» кафедрасының оқытушысы, өнертану магистрі Д.Б. Бержапраковтың құттықтауы нағыз тосынсый болды.Жас композитор өз ұстазын тек құттықтап қана қоймай, осы шараға арнайы жазған музыкалық шығармасын сыйға тартты. Ол М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсынан алынған тақырыпқа арналған «Вариация» туындысын фортепиано, гобой, кларнет және ішекті квартетке арнап жазды.
Концерттік нөмірді дайындауда «Ансамбль өнері» кафедрасының меңгерушісі, профессор С.М. Медеубаева үлкен қолдау көрсетті. Ол туындыны өте жақсы орындаған студенттерді дайындады: фортепиано партиясы - Сабина Атагелдиева; кларнет - Аспан Ержан; гобой - Данияр Ерман; 1-ші скрипка - Мирьям Есенбаева; 2-ші скрипка - Маржан Анес; альт - Алуа Абдрахман; виолончель - Рахман Сергибаев.
Дөңгелек үстел Атырау музыкалық колледжі «Дина Нұрпейісова атындағы халық музыкасы академиясы» директоры, өнертану кандидаты Г.М. Садуахасованың (Атырау) бейнемазмұнды құттықтауымен аяқталды.
Қорытындылай келе, ұйымдастырушыларға іс-шараны жоғары деңгейде өткізгендері үшін алғыс білдіреміз. Дөңгелек үстел профессор Т.К. Жұмалиеваның ғылыми зерттеулерінің өзектілігін және олардың қазіргі музыкатану үшін маңызды екенін көрсетті. Профессор Т.К. Жұмалиеваның мерейтойы — оның мұрасына құрмет көрсету ғана емес, болашаққа деген көзқарас. Оның еңбектері көптеген жас ғалымдарды жаңа ашылымдарға шабыттандыратынына сенімдіміз.