«Отбасын жоспарлау» тақырыбындағы дөңгелек үстел
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Отбасын жоспарлау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шара елімізде өтіп жатқан Отбасы апталығының бір бөлігі болып, отбасылық құндылықтарға арналған маңызды кездесулер қатарын толықтырды.
Жиынға тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Наурыз Талғатұлы Кулданов пен барлық оқу топтарының старосталары қатысты.
Кездесу барысында отбасының әрбір адам өміріндегі орны, оның жастардың тұлғалық және кәсіби дамуына ықпалы, сондай-ақ білім ордасындағы рухани-адамгершілік тәрбиенің рөлі талқыланды. Сонымен қатар, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Старосталар кеңесімен студенттік деканат құру ұсынылып, оның студенттер мен әкімшілік арасындағы тиімді байланыс орнатудағы маңызы атап өтілді.