Қытаймен мәдени байланыстарды нығайту жаңа деңгейге шықты.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Бейжің қаласында Қазақстан мәдени орталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиға екі ел арасындағы гуманитарлық әріптестікті дамытудағы маңызды қадамға айналды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева: «Қазақстан мен Қытай үшін мәдени орталықтардың ашылуы тарихи оқиға болмақ, ал осы бағыттағы өзара іс-қимыл тек ілгерілей түспек», – деп атап өтті.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы үшін Қытаймен екіжақты ынтымақтастықты нығайту басым бағыттардың бірі болып табылады. Синьцзянь өнер институтымен (ҚХР) қол қойылған меморандум аясында біз бір жылдан астам уақыттан бері бірлескен қадамдар мен академиялық форматтарды жүйелі түрде қалыптастырып келеміз.
2025 жылдың 15 қазанынан 5 қарашасына дейін Алматыда біздің консерваториямыз қытайлық жоғары оқу орнының делегациясын қабылдайды. Бұл сапар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Қытайды салыстырмалы зерттеу» бағдарламасы аясында өтеді. Ынтымақтастықтың негізгі тақырыбы – «Өркениеттерді өзара зерттеу тұрғысынан Қазақстандағы музыкалық білім беру».
Бұл біз үшін жай ғана тәжірибе алмасу емес, мәдениет берік халықаралық байланыстардың негізіне айналатын стратегиялық диалогтың жалғасы болып табылады.