ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ ӨЗІНЕ АРНАЛҒАН 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙҒА ОРАЙ БІРЕГЕЙ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
2024 жылдың 3 желтоқсанында Республика Сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған Гала-концерт аясында «ДӘУІРЛЕР ҮНДЕСТІГІ: ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ» атты Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі (ҒАКҚ) және Музыкатану және композиция кафедрасы ұйымдастырған бірегей көрме аяқталды.
Қазақ халық аспаптарының көрмесі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қазақтың музыкалық дәстүрлері мен мәдениетін дәріптеу, сақтау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Бұл көрмеде ұлттың дәстүрлі музыкалық аспаптары мен орындаушылық өнерінің тарихи жолы көрсетіліп, қазақ халқының бай музыкалық мұрасы кеңінен таныстырылды және қазіргі заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Көрменің тұжырымдамасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дәстүрлі қазақ музыкасын дамытуға және сақтауға қосқан үлесін көрсетуге бағытталған. Еліміздің музыкалық білім саласының көшбасшысы, академик Ахмет Жұбанов негізін қалаған халық аспаптары кафедрасына және Болат Сарыбаевтың көне музыкалық аспаптарын іздеп, жинап, оларды қазақ мәдениетіне қайта оралту қызметіне ерекше көңіл бөлінді.
Көрмеге бес тақырыптық экспозиция кірді:
I. ЫҚЫЛАС АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ ҚОРЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ;
II. ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ДОМБЫРАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ;
III. ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚҰК РЕКТОРЛАРЫ;
IV. ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚҰК МҰРАҒАТЫНАН ФОТОСУРЕТТЕР;
V. ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚҰК ХАЛЫҚ АСПАПТАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ.
Көрме экспонаттарының бір бөлігін (Құрманғазы атындағы ҚҰК ректорлары, көрме экспонаттарының видеосы мен фотосуреттері) консерваторияның оқу залында көруге болады немесе олармен келесі сілтеме бойынша онлайн танысуға болады: https://www.conservatoire.edu.kz/kz/about/konservatoriya-a-80-zhyl/.
Ұйымдастырушылар көрмені дайындауға және өткізуге қатысқандардың барлығына шын жүректен алғыс білдіреді:
· Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Қошқарбекқызы Тасбергеноваға осы маңызды іс-шараны өткізуге сенім білдіргені және қолдағаны үшін;
· Ғылыми-шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ғалия Зайнақұлқызы Бегембетоваға ұйымдастырушылық мәселелерге жетекшілік еткені үшін;
· Ыкылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы, Дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына көрме подиумдары мен қазақ ұлттық мәдениетіне еңбегі сіңген домбырашылардың атаулы домбыраларын ұсынғаны үшін;
· Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мұражайы мен Қ. Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрына консерватория ректорлары Ахмет Жұбановтың концерттік смокингі мен Ғазиза Жұбанованың костюмін, Құддыс Қожамияровтың медальдарымен костюм ұсынғандары үшін;
· Көне музыкалық аспаптар кафедрасының меңгерушісі, профессор Зәмзәгүл Шәріпқызы Измуратова және кафедра оқытушысы Әсет Шалабайұлы Жұмабаевқа музыкалық аспаптарды көрсетіп, сипаттамасын жазғандары үшін;
· Музыкалық аспаптарды жөндеу бөлімінің қызметкерлері – Аркадий Черкасов, Дмитрий Нижников және Серік Есетұлы Наурзалиевке көрмеге арналған аспаптарды дайындағандары үшін;
· Шаруашылық қамтамасыз ету және ғимараттарды эксплуатациялау қызметінің қызметкерлеріне көрмені жүзеге асырудағы көрсеткен еңбектері үшін.
Сіздердің қосқан үлестеріңіз баға жетпес болды және Біз бірге Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық тарихын бейнелейтін осы маңызды жобаны жүзеге асыра алдық!