Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қабылдау емтихандары басталды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында үміткерлерді оқуға қабылдау емтихандары басталды. Осы күндері Құрманғазы атындағы ҚҰК алдағы жаңа оқу жылына дайындықтар жүргізілу үстінде.
17-19 шілде аралығында жалпы саны 65 үміткер бақ сынаған магистратура бойынша қабылдау емтихандары болып өтті. Аталмыш емтихандар Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залы мен Ғ. Жұбанова атындағы Камералық залында, сондай-ақ өнер-білім ордасының аудиторияларында өткізілді.
25-30 шілде арылығында 324 талапкер құжат тапсырған бакалавриат қазіргі таңда басты назарда. Талапкерлер тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес сонымен қатар, Ресей, Қытай, Өзбекстан секілді алыс-жақын шетелдерден көптеп келіп, бақтарын сынамақшы. Ең танымал-вокалды өнер бағдарламалары, оған 39 үміткер, арт-менеджмент және фортепиано, әрқайсысына 31 талапкер, сондай-ақ 35 өтініш түскен домбырада орындау.
Әр жылдары консерваторияның түлектері көрнекті музыканттар болды, олардың арасында опера дивасы Бибігүл Төлегенова, белгілі композитор Серік Еркімбеков, виртуоз скрипкашы Марат Бисенғалиев, дарынды дирижер Алан Бөрібаев және тағы басқалар бар. Біздің болашақ студенттеріміз олардың жетістіктерінен шабыт алады және музыкалық өнердің дамуына маңызды үлес қосады деп үміттенеміз.