Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында желтоқсаншылармен кездесу өтті


2024 жылғы 11 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында еліміздің тарихында із қалдырған желтоқсан оқиғасына қатысушылармен  кездесу өтті.

Кездесуге желтоқсан оқиғаларының ардагерлері, «Өршіл Рух» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Мұхаметалин және бірлестіктің мүшелері Үміт Дауытпаева мен Қайрат Мусұлмананов қатысты.

Іс-шараны студенттермен және түлектермен жұмыс жөніндегі бөлім мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырды. Сонымен қатар, жастар істері жөніндегі комитетінің, студенттер кеңесі және «Мейірім» мен «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының мүшелері атсалысты.

Кездесу Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концертке ұласты. Консерватория студенттері еркіндік пен тәуелсіздіктің маңыздылығын атап өтіп, көрермендерге өздерінің музыкалық және вокалдық шығармаларын ұсынды.

Іс-шарада  студенттер тағылымы терең  оқиғаның себептеріне үңіліп,  ел бостандығы үшін күрескен тұлғаларға тағзым етті.

 
 
 
Альбомдарға оралу