Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері «Speech Contest 2025» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері атанды
2025 жылғы 25 ақпанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу бойынша дәстүрлі республикалық «Speech Contest 2025» олимпиада-байқауы өтті.
Биылғы байқаудың тақырыбы – «Тіл және мәдениет». Іс-шараны «Шетел тілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ұйымдастырды.
Сайысқа Қазақстанның орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық мамандықтарында оқитын студенттер қатысты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері бұл беделді байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ағылшын тілін еркін меңгергендерін және музыка мен мәдениет туралы халықаралық деңгейде ой толғай алатындарын дәлелдеді.
Сайыс қорытындысы бойынша консерватория студенттері жүлдеге ие болды:
• II орын – Дадаева Даррийя (1 курс, ішекті аспаптар).
• Креативті идеясы үшін грамотасы – Жүсіп Аруай (1 курс, ішекті аспаптар).
• Сертификат және көрермендер көзайымы жүлдесі – Сабир Салтанат (1 курс, ішекті аспаптар).
«Speech Contest 2025» олимпиадасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттерінің тек музыкалық өнерде ғана емес, шет тілдерін меңгеруде де жоғары деңгейде екенін көрсетті. Бұл конкурс мәдениетаралық қарым-қатынастың маңыздылығын тағы да дәлелдеп, студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және олардың әлемдік деңгейде дамуына үлкен үлес қосты.