Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында «Энергияны аз тұтат – көбірек сақта» эко-акциясы өтті

WhatsApp Image 2025-01-31 at 13.44.32.jpeg

2024 жылдың 20 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында студенттерге экологиялық тәрбие беру бойынша «Энергияны аз тұтат – көбірек сақта» атты іс-шара өтті.

Акцияның мақсаты табиғи ресурстарға, атап айтқанда, электр энергиясы мен жылуды үнемдеуге ұқыпты қарауға назар аудару болды. Іс-шара аясында қатысушылар энергияны саналы түрде тұтынудың маңыздылығын, сондай-ақ оны үнемдеудің қарапайым, бірақ тиімді жолдарын талқылады:

- Бос бөлмелерде шамдарды өшіру

- Энергияны үнемдейтін шамдарды пайдалану

- Тұрмыстық техниканы ұтымды пайдалану

- Тұрғын үй-жайлардағы жылу шығынын азайту

Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлім қызметкерлері бірге әр адам күнделікті өмірде энергияны саналы түрде тұтынудан бастап экологияны сақтауға үлес қоса алатынын атап өтті.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында экологиялық мәдениетті және қоршаған орта үшін жауапкершілікті қалыптастыруға көмектеседі. Консерватория табиғи ресурстарды сақтауға және студенттерге экологиялық білім беруге бағытталған бастамаларды дамытуды жалғастырады.

081A7050.JPG 081A7054.JPG

WhatsApp Image 2025-01-31 at 13.49.19.jpeg

Альбомдарға оралу