Menu HELPDESK

2024 жылғы 26 қыркүйек күні Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейінде Венгрияның Ференц Лист музыкалық академиясының "Бере банда" ансамблінің концерті өтті


2024 жылғы 26 қыркүйек күні Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейінде Венгрияның Ференц Лист музыкалық академиясының "Бере банда" ансамблінің концерті өтті.

Концертке Венгрияның Бас консулдығының шақыруымен біздің Халық музыкасы факультетінің студенттері Райымбек Дауылбаев, Жәнібек Мақатан, Айжан Кенжеғалиева, Гүлсара Таңатар және Дана Атаберлер қатысты. Мәдениет алмасудың көпірі ретінде ұйымдастырылған кеш  венгр және қазақ ұлттарының дәстүрлі музыкасын тоғыстырды. Студенттеріміз венгр мәдениетімен танысып қана қоймай, қазақ халық музыкасын орындауда асқан шеберліктерін паш етті.

Оқу орнымыздың мерейтойлық жылы аясында жаңа халықаралық байланыстар орнатып, шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуға қуаныштымыз. Алда көптеген қызықты іс-шаралар күтілуде!

   

   

   


Альбомдарға оралу