Menu HELPDESK

2024 жылғы 26 қыркүйекте «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті


Мәжілісі барысында 13 өзекті мәселе қарастырылып, шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, оқу-әдістемелік кеңес, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бойынша, концерттік-шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру қызметі бойынша, халықаралық бөлім бойынша жылдық жоспарлары,  2024-2025 оқу жылындағы «ЖОО үздік оқытушысы – 2024» байқауының ЖОО ішілік сараптама Комиссиясы құрамы, бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша Академиялық комитет құрамы, 2024-2025 оқу жылында оқуға түскен магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілері, Диссертациялық кеңес және оның құрамы туралы Ережеге енгізілген өзгерістер, сапа  менеджменті жүйелерінің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарға сәйкес негізгі қызметінің технологиялық карталары мен техникалық сипаттамалары бекітілді.

Сол сияқты осы мәжілісте Консерваторияның профессор-оқытушылар құрамы да лауазымдарға ұсынылды. Профессор-оқытушылар құрамының еңбектерін талқылау да назардан тыс қалған жоқ. Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның профессоры, КСРО халық артисі және Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі Роза Жаманованың 95 жылдық мерейтойына арналған «Роза Жаманованың шығармашылық мұрасы және қазіргі опера өнерінің өзекті мәселелері» атты мақалалар жинағының баспадан шығаруға жолдама алуы да осы ойымыздың көрінісі.


«Арнайы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы Рабиға Сыдыққызы Дюсембаеваның Сеул ұлттық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткені туралы бейне есебі де осы Ғылыми кеңесте ортаға салынды.  


Күн тәртібі бойынша қарастырылған барлық мәселелер жан-жақты зерделеніп, талқыланды және Ғылыми кеңес төрағасы тарапынан құрылым басшыларына, факультет декандарына әрі кафедра меңгерушілеріне бірқатар тапсырмалар жүктелді.

   

   

Альбомдарға оралу