Menu HELPDESK

2025 жылғы 11 сәуірде Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасы «Жас ғалым – VII» атты ұлттық студенттік ғылыми конференциясын өткізді.

2025 жылғы 11 сәуірде Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасы «Жас ғалым – VII» атты ұлттық студенттік ғылыми конференциясын өткізді. Биылғы шара ұлы қазақ ақыны және философы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналып, «ХХІ ғасырдың білім және ғылым кеңістігіндегі Абай феномені» тақырыбы аясында өтті. Конференцияға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттык консерваториясынан Аралбаев Диас «Музыкатану және композиция» кафедрасының 4 курс студенті, Елтайқызы Айым «Халық әні» кафедрасының 3 курс студенті қатысып «Үздік баяндамашы» атанды. Ғылыми жетекші: «Музыкатану және композиция» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі Мухамбетжанов Шерхан Мухамбетжанович.

 

Альбомдарға оралу