Консерватория жаңалықтары
Абайдың Рухани мұрасы және қазіргі заманғы өнертанудың өзекті мәселелері
2020 жылдың 19 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайдың Рухани мұрасы және қазіргі заманғы өнертанудың өзекті мәселелері» атты онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық болуы тиіс».
Конференцияда ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі Абай мұрасының тағдыры, композитор шығармаларының ұлттық музыкалық мәдениеттің дамуы контексіндегі рөлі мен маңызы, қазіргі дәстүрлі, концерттік тәжірибедегі Абай мұрасы тақырыптары қозғалып, кеңінен талқыланды.
-Абай Құнанбайұлы Қазақ елінің абыройын әлем жұртшылығы алдында биікке көтерген тұлғалардың бірі. Оның мұрасы тек өз халқының ғана емес, бүкіл адамзат баласының игілігіне айналды десек қателеспейміз. Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде айтылған ақиқаттар адамға өз бойындағы жаман қасиеттерінен арылып, асыл қасиеттерін табуға, оларды дамытуға үндейді. Өкінішке орай, үстіміздегі жылы орын алып отырған әлемдік пандемия көптеген жоспарлы іс-шараларды өз деңгейінде өткізуге қолбайлау болып отыр. Соған қарамастан ұлы ақынның 175 жылдығына арналған конференцияны онлайн өткізіп отырмыз, - деді алғы сөзінде консерватория ректоры Арман Жүдебаев.
Конференцияға алыс және таяу шет елдердің танымал ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері, жас зерттеушілер, ЖОО-ның оқытушылары қатысты. Олардың ішінде: АҚШ-тың Оңтүстік Каролина университетінің қауымдастырылған профессоры – Анна Олдфилд; Болгария астанасы София қаласындағы «Проф. Панчо Владигеров» ұлттық музыка академиясынан өнертану докторы – Мануэла Бончева; П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, өнертану докторы – Виолетта Юнусова; Ташкенттік қонағымыз, Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының оқытушысы – Аманмурадов Шохрат Чарыевич; Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің магистранты – Молдалим Тоқжан Жақсылыққызы болды. ZOOM платформасы арқылы онлайн конференцияға қатысқан адамдардың саны 100-ден асты.
Сондай-ақ, конференциядан соң консерваториянының YouTube арнасында ұлы ақынның шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» атты онлайн концерт өтті. Концертті 1 тәуліктің ішінде мыңнан аса адам тамашалады.
https://www.youtube.com/watch?v=UYTWGCGCmD4&t=1653s

21 қараша 2020
Консерватория студенттері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылғы стипендия иегерлері атанды
Биыл байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Өскемен қалаларынан 354 өтінім келіп түскен. Екі турдың қорытындысы бойынша 80 студент жеңімпаз атанды. Оларға стипендиат сертификаттары табыс етіліп, ай сайын 40 000 теңге мөлшерінде стипендия белгіленеді және «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» мәртебесі беріледі. Жобаның негізгі мақсаты жоғары және арнаулы орта (өнер және мәдениет) білім беру оқу орындарының күндізгі бөлім студенттерінің оқуға деген құштарлығын жоғарылату, ғылыми жұмыспен айналысуын және шығармашылығын қолдау. Қордың стипендиясы ай сайын жазғы кезеңді қоспағанда бір оқу жылына төленеді.
Стипендия иегерлері арасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясысының «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің 2 курс магистранты Булатова Зарина, «Халық музыкасы» факультетінің 4 курс студенті Бақыт Бексұлтан, «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің 3 курс студенті Мадина Оразбай, «Аспаптық орындаушылық» факультетінің 3 курс студенті Ғимарат Ерназар бар.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылғы стипендиаты атанған консерватория студенттерін шын жүректен құттықтап, оқуларында табыс, шығармашылық шабыт тілейді!

20 қараша 2020
"ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫ ҚОРЫНДАҒЫ АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ" атты CD күйтабағының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Қымбатты достар! 2020 жылдың 19-20 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайдың Рухани мұрасы және қазіргі заманғы өнертанудың өзекті мәселелері» атты онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында "ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫ ҚОРЫНДАҒЫ АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ" атты CD күйтабағының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Өтетін күні: 20 қараша.
Өтетін уақыты: сағ.10.00де.
Zoom платформасы арқылы онлайн форматта.
Подключиться к конференции Zoom
https://us02web.zoom.us/j/88604044235?pwd=c3dab2Fpd2N1Ulh6OHJrWExGNTFNdz09
Идентификатор конференции: 886 0404 4235
Код доступа: 12345

19 қараша 2020
Ректор Арман Жүдебаевтың мақаласы жарық көрді
Еліміздегі музыкалық ЖОО-ның бірегейі Қазақ ұлттық консерваториясының басшысы өз мақаласында студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға көмектесетін лайықты білім беруді басты міндет ретінде атап өткен.
17 қараша 2020
Профессор А.Н.Үлкенбаеваның «Домбыраға арналған концерттік шығармалар» атты жинағы жарық көрді
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры А.Н.Үлкенбаеваның «Домбыраға арналған концерттік шығармалар» атты жинағы жарыққа шықты.
16 қараша 2020
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді
Қымбатты достар! 2020 жылдың 19 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайдың Рухани мұрасы және қазіргі заманғы өнертанудың өзекті мәселелері» атты онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық болуы тиіс». Конференцияның басты тақырыптары - ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі Абай мұрасының тағдыры, композитор шығармаларының ұлттық музыкалық мәдениеттің дамуы контексіндегі рөлі мен маңызы, қазіргі дәстүрлі, концерттік тәжірибедегі Абай мұрасы.
Конференцияға алыс және таяу шет елдердің танымал ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері, жас зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады. Атап айтқанда:
- АҚШ-тың Оңтүстік Каролина университетінің қауымдастырылған профессоры – Анна Олдфилд;
- Болгария астанасы София қаласындағы «Проф. Панчо Владигеров» ұлттық музыка академиясынан өнертану докторы – Мануэла Бончева;
- П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, өнертану докторы – Виолетта Юнусова;
- Ташкенттік қонағымыз, Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының оқытушысы - Аманмурадов Шохрат Чарыевич;
- Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің магистранты – Молдалим Тоқжан Жақсылыққызы.

Консерватория студенті Әміре Қашаубаев атындағы әншілер байқауында лауреат атанды
Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 1-5 қыркүйек күндері Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауы өтті. Ән байқауына республиканың түкпір-түкпірінен 25 өнерпаз қатысты. Байқау ережесі бойынша қатысушыларға Ә.Қашаубаевтың үнтаспада сақталған репертуарынан «Ағаш аяқ» әнін (ер азаматтарға), «Дудар-ай» әнін (қыз балаларға) және халық композиторлары немесе халық әндерінен бір әнді өз еріктерімен таңдап орындау міндеттелген.
Алқа төрағасы, қоғам қайраткері Бекболат Қанайұлы бастаған қазылардың жоғары бағасын алған, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының 3-курс студенті Байбақты Ідірбай 3-орынды иеленіп, лауреат атанды. Ұстазы – «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы Қарабалина Эльза Жеңісқызы.

12 қараша 2020
Ең креативті фото/сурет байқауы өтті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Студенттер және түлектермен жұмыс жасау» бөлімінің қолдауымен, Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған консерваторияның 1 курс студенттері арасында ең креативті фото/сурет байқауы өтті. Жеңімпаздарды консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы марапаттап, оқуда сәттілік тіледі. Байқау нәтижелері клубтың Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.
Байқауға қатысқан жеңімпаздарды консерватория ұжымының атынан құттықтаймыз.
1. Жиенғалиев Әлішер
2. Шакенбаев Мұхамедали, Өткелбаева Жадыра
3. Еркін Алима
4. Ниязова Жанна

5 қараша 2020
«Ұлы дала сарындары» атты күйлер жинағы жарық көрді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Ұлы дала сарындары» атты екі дисктен тұратын күйлер жинағы жарық көрді. Бұл дискте консерваториямыздың «Халық музыкасы» факультеті оқытушыларының орындауындағы домбыра, қыл қобыз, жетіген және шертер сияқты қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарына арналған шығармалар жинақталған. Жинақтағы күйлерді орындаушылар қатарында Б.Ысқақов, А.Райымбергенов, К.Сахарбаева, А.Үлкенбаева, Е.Басықара, Т.Тоқжанов, М.Әбуғазы, Н.Жақыпбек, Н.Әшіров сынды елімізге белгілі өнер майталмандары бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл жинақ студенттер үшін ғана емес, жалпы ұлттық өнерімізді қастерлейтін барша өнерсүйер қауымға арналады.
4 қараша 2020
Қабылдау 2024