Консерватория жаңалықтары

«Музыкалық білім беру» мамандығының 3-курс студенті Талипова Дильбаргүл «Tashkent Music Festival» халықаралық байқауында I дәрежелі лауреат атанды. Оқытушысы – Элеонора Пак.

2023 жылдың 5 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерт залында «Жалпы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы Т.О. Жангуттина сыныбының концерті өтті.

2023 жылдың 5 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор Жалғасбек Бегендіковтің 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық концерт өтті.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «ЖАСА, ЖЕҢІС МӘҢГІЛІК!» атты көрме дайындады.



2023 жылдың 4 мамырында Құрманғазы атындағы Қахзақ ұлттың консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерттік залында Халық музыкасы факультеті «Домбыра» кафедрасының оқытушысы Мәдениет саласының үздігі, Өнер магистрі Асылбек Асылханұлы Кенегесовтың «Қоңыр саз» атты сыныптық лекция-концерті өтті.

Бүгін, мамыр айының 5 күні косерватория ғимаратында 2003 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық музыкасы» факультетін тәмамдаған түлектердің келелі кездесуі болып өтті.

2023 жылдың 3-5 мамыр аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздары Күзеубай Аманкелді Ұзақбайұлы - PhD докторы, доцент, ҚР Мәдениет саласының үздігі, халық әні кафедрасының меңгерушісі, Абатова Алма Абдрақышқызы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ішекті аспаптар кафедрасының профессоры, Нұрғалиева Гүлнара Асылбекқызы - вокалдық өнер кафедрасының доценті, Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыкалық колледжі, Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыка колледжі және облыстық дарынды балаларға арналған музыка мектебіне барып шеберлік кластары мен оқу орындарының түлектеріне арналған кәсіби бағыт беру жұмыстарын жүргізді.