Menu HELPDESK

Консерватория студенті Erasmus+ бағдарламасының Краков қаласына грант жеңіп алды


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Erasmus+ бағдарламасы аясында, Краковтағы К. Пендерецкий атындағы музыка академиясына (Краков, Польша) грант жеңіп алды.

2-курс студенті Малика Адлет (дирижерлеу кафедрасының Ибрагимова Д. Т. оқытушысының сыныбы) серіктес ЖОО-да 2024 жылғы 29 қыркүйектен 2025 жылғы 20 ақпанға дейінгі күзгі семестр бойы оқитын болады. Студенттімізді құттықтаймыз! Сәттілік пен жемісті оқу тілейміз!



Альбомдарға оралу