Menu HELPDESK

Консерватория студенттері Петрозаводскіде академиялық ұтқырлық бағдарламасын аяқтады



2024 жылдың 3 маусымында Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша А. К. Глазунов атындағы Петрозаводск мемлекеттік консерваториясында оқуын аяқтап, Алматы қаласына оралды.


Петрозавод консерваториясында оқығандары туралы студенттер Балмагамбетова Амина Абдурахмановна (музыкатану), Маликов Газиз Сакенович (саксофон), Нұртаева Жұлдыз Алмазқызы (музыкатану), Сайлау Меруерт Курметовна (вокал) және Тулегенова Нурия Еркинбековна (вокал) жоғары сапалы оқытуды және білім беру үдерісін тамаша ұйымдастыруды атап өтті. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында олар серіктес ЖОО-ның концерттік бағдарламаларына, конференцияларына және басқа да іс-шараларына белсенді қатыса алды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы А. К. Глазунов атындағы Петрозаводск мемлекеттік консерваториясының басшылығына, әкімшілігіне және оқытушыларына біздің студенттерді оқытумен байланысты ұйымдастырушылық процестердің кәсібилігі, үйлесімділігі үшін алғыс білдіреді.









Альбомдарға оралу