Menu HELPDESK

Ұлттық рейтингте үздік жоғары оқу орны болып танылды

Ұлттық рейтингте үздік жоғары оқу орны болып танылды Білім бойынша сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік - Рейтинг (IQAA-Ranking) он алты жыл бойы қатарынан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінің нәтижелерін ұсынып келеді.

Үстіміздегі жылы институционалдық рейтингке көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педогогикалық, медициналық және өнер салалары бойынша жоғары оқу орындарының алты санатынан 51 ЖОО, ал білім беру бағдарламаларының рейтингісіне 32 жоғары оқу орындары қатысқан еді. Нәтижесінде, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы өнер ордалары бойынша Жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі қортындысына сәйкес еліміздегі үздік жоғары оқу орны болып танылды.

Жоғары білім беру орындарының деңгейін саралау мақсатында жүргізілген жұмыстарға академиялық деректердің бір бөлігін жоғары оқу орындары ұсынса,  материалдардың басқа бөлігі тәуелсіз дереккөздерден, атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің, «Болашақ» ХБО-ның деректері, ғылыми жарияланымдардың Scopus, Web of Science, РИНЦ библиографиялық базалары және ЕПВО сандық базалары, мемлекеттік тізілім Ұлттық зияткерлік меншік институтынан алынды. Дәстүрлі түрде жұмыс берушілер, академиялық ортадағы сарапшылар, студенттер мен ЖОО түлектері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға жұмыс берушілердің 962 ұйымы, 267 сарапшы, 19270 студент және 3941 түлек қатысты.

Өзге өнер ордаларынан өн бойы озық деп танылған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жұлдызы әрдайым жоғары болатындығына сеніміміз зор!
Альбомдарға оралу