Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында студенттер әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметі ұйымдастырған іс-шара аясында соғыс ардагері Александр Степанович Журавлёвтың үйіне барып, келе жатқан мерекемен құттықтады
30 сәуір 2025
2025 жылдың 30 сәуір күні, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметі ұйымдастырған іс-шара аясында соғыс ардагері Александр Степанович Журавлёвтың үйіне барып, келе жатқан мерекемен құттықтады.
Александр Степанович – қалған санаулы Ұлы Отан соғысы куәгерлерінің бірі. Ардагер қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, майдандағы қиын жылдары, жауынгер достары туралы естеліктерімен бөлісіп, Ұлы Жеңіс - болашақ ұрпақ үшін ерліктің үлгісі екенін айтып жеткізді. Ардагердің әсерлі әңгімесі студенттердің батылдық, төзімділік және отансүйгіштік туралы түсініктерін кеңейтті.
Аспаптық орындаушылық факультетінің студенттері Александр Степановичке музыкалық сый тарту етті. Үйдің жылы атмосферасында соғыс жылдарындағы әндер мен терең ризашылық сезіміне және естелікке толы классикалық шығармалар орындалды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы барлық ардагерлерге жанқиярлық еңбегіне тағзым етіп, тарихи жадты сақтап, оны музыка мен шығармашылық арқылы болашақ ұрпаққа жеткізу – оқу орнының қасиетті парызы екенін еске салды.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025