Menu HELPDESK

Музыка – адамзаттың әмбебап тілі: консерваторияда III ЖОО аралық тілдік олимпиада өтті

2025 жылғы 25 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттықконсерваториясында «Музыка – адамзаттың әмбебап тілі»тақырыбында III ЖОО аралық тілдік пәндік олимпиада өтті. Аталған іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.

Олимпиаданы ұйымдастыруды дәстүрлі түрде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы қамтамасыз етті. Бұл олимпиада жыл сайын жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сулеева Гульжан Созакпаевнаның бастамасымен, ұйымдастыруыменөткізіліп келеді. Сонымен қатар, кафедра ұстаздарыпедагогика ғылымдарының кандидаты, доцент ЕсетоваАйнур Такеевнананың және магистр-оқытушылар Қадырбек Айдана мен Жаулыбай Акгүлдің ұйымдастыружұмыстарына қосқан үлестері орасан. Олимпиаданыңмақсаты – тілді меңгеруге қабілетті дарынды студенттердіанықтау, олардың коммуникативтік дағдыларын дамытужәне тілдік әрі мәдени әртүрлілікке деген қызығушылығынарттыру.

Зияткерлік сайысқа Алматы қаласының 12 жоғары оқу орнынан студенттер қатысты. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Азаматтық авиация академиясы, Т. Жүргенов атындағыҚазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық қыздарпедагогикалық университеті, К. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және басқа да жоғары оқу орындары бар. Сонымен қатар Құрманғазыатындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері де белсенді қатысты.

Олимпиада үш пән бойынша өткізілді: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі. Секциялар барысында қатысушыларғатек лексика-грамматикалық білімді ғана емес, соныменқатар креативті ойлау, өз көзқарасын дәлелдеп жеткізу, тілмен музыка арасындағы байланысты көрсету талап етілгентапсырмалар ұсынылды. Бұл өз кезегінде пәнаралықбайланысты дамытудың нақты үлгісі болды.

Олимпиаданың басты ерекшелігі – музыканың әмбебапқарым-қатынас құралы ретіндегі концепциясына негізделуі. Қатысушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, тереңбілімін, шығармашылық қабілеттерін және тілдік саладағыөзін-өзі дамытудың айқын көрінісін көрсете білді.

Олимпиада жеңімпаздарды марапаттау және барлыққатысушыларға сертификаттар табыстау рәсіміменаяқталды. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысқан оқытушыларғажәне студенттердің жұмыстарын кәсіби деңгейде бағалаған қазылар алқасына шын жүректен алғыс білдіреді.

III ЖОО аралық тілдік пәндік олимпиада жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланысты нығайтып, көптілділік мәдениетін қалыптастыруға және жастардыңжан-жақты дамуына өз үлесін қосты.

 
 
 
 
 

Альбомдарға оралу