Саида Елеманованың 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
9 желтоқсан 2024

9 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында музыкатанушы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, «Мәдениет қайраткері» Саида Елеманованың 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова құттықтау сөзбен ашты. Жиын барысында әріптестері, шәкірттері мен достары баяндамалар жасап, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, шет елдерден бейнеқұттықтаулар жолданды.
Саида Әбдрахимқызы қазақтың дәстүрлі музыкасын зерттеп, сақтауға өлшеусіз үлес қосып, музыкалық ғылымға деген адалдығымен жас зерттеушілер мен орындаушыларға үлгі болды.
Саида Әбдрахимқызына зор денсаулық, шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз!




Қабылдау 2024