Menu HELPDESK

Saryn ҚР Ұлттық кітапханасының қорында



2024 жылдың 3 шілдесінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халықаралық бөлімінің қызметкерлері Saryn атты халықаралық ғылыми рецензияланатын журналының алты нөмірін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты (2023 жылғы № 1, 2, 3, 4, 2024 жылғы № 1, 2).

ҚР ҰК 1910 жылдан бері жұмыс істеп келеді және де Қазақстан кітапханаларының ең ірі ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылады, оның кітап қоры 7 миллионнан астам сақтау бірлігін құрайды. Saryn журналын ҚР ҰК депозитарийінде сақтау өнертану саласындағы ғылыми білімнің кеңінен таралуына ықпал ететін болады. Журналдың редакциясы басылымның баспа нұсқаларын кітапхана қорына ұсынуды жоспарлап отыр.





Альбомдарға оралу