Menu HELPDESK

Шойиста Ганиханованың ашық дәрісі


2024 жылдың 3 маусымында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында өнертану докторы, Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының музыка тарихы және сын кафедрасының профессоры Шойиста Ганиханованың (Ташкент, Узбекистан) дәрісі өтті.

Спикер «Өзбекстанның қазіргі кезеңдегі музыкалық мәдениеті: орындаушылық практика, композиторлық шығармашылық, музыкатану» тақырыбында дәріс оқыды. 

Ш. Ганиханова өзбек музыкалық мәдениетінің дамуының негізгі кезеңдерін оның бастауынан бастап бүгінгі күнге дейін баяндай отырып, тыңдаушыларды тарихқа баулыды. Дәріскер өзбек композиторлық шығармашылығындағы заманауи бағыттар мен стильдерді аудиториямен талқылады.






Альбомдарға оралу