Menu HELPDESK

әскери-инженерлік институтында салтанатты ант беру рәсімі өтті


28 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының серіктес оқу орны- Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында  салтанатты ант беру рәсімі өтті.

Бұл оқу орнында бүгінгі таңда «Әскери-дирижерлік» білім беру бағдарламасы бойынша үш студент білім алуда. Қос  дипломды бағдарлама Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылып отыр, оның алғашқы студенттері М.Төлебаев атындағы   музыкалық колледжінің түлектері Жумағазы Рахым, Қойшыбеков Тілек және Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің түлегі Темірбаев Асет. Олар екі жоғары оқу орнына түсу үшін күрделі шығармашылық және әскери іріктеуден өтті, енді әскери оркестр дирижерінің шеберлігімен бірге әскери жарғыларды, саптық дайындықты және қазіргі әскери музыкант үшін қажетті көптеген пәндерді меңгеретін болады. Студенттерге мақсаттарына жету жолында сәттілік тілейміз!
Альбомдарға оралу