Menu HELPDESK

Студенттік аралас хорының емтихан-концерті болып өтті

Студенттік аралас хорының емтихан-концерті болып өтті 2024 жылдың 3-5 маусым аралығында Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттік аралас хорының емтихан-концерті болып өтті.

Аталмыш концерт Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналды. Концерттік бағдарламада профессор, ҚР Халық артисі Б.А.Жаманбаев сыныбының шәкірттері «Хормен дирижерлеу» кафедрасының 4 курс түлектері А.Иманғалиева, Ф.Жакенова, Л.Мейрбекова, Д.Исмагулов, Н.Каюмов, Д.Райымбердиев, Ж.Ермекбаев, Ш.Сүлеймен, сонымен қатар доцент П.К.Негманова сыныбынан Е.Серікқали, Ж.Берекебаева, доцент, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.К.Демеуов сыныбының білім алушылары Д.Кеңесова, А.Қанатқызы, Е.Нарманбетқызы өнер көрсетті.

Сондай-ақ, профессор (акад.) Г.К.Берекешова сыныбы студенттері Г.Қапаш, А.Қоңыратбай, А.Исханова, М.Бекмамбетова, аға оқытушы О.В.Чалованың сыныбынан Т.Рахимжанова, аға оқытушы М.М.Жалимбетовтың шәкірттері Н.Абдулла, Д.Ибатова, оқытушы С.С.Жаулшакова сыныбы студенттері М.Дәуітбекова, А.Думышева, оқытушы Б.М.Макеевтің сыныбында білім алған А.Дреева және оқытушы З.Б.Булатованың шәкірті А.Сейдинурова да өз өнерлерін ортаға салды.

Емтихан-концертте солистер Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Е.Шагаров, А.Шагарова, Ж.Аманова, З.Булатова, А.Рысбек,Ұ.Жақып, М.Урумбаев, Қ.Әбденова, Д.Айткужинов, А.Сейлхан, Е.Исатай, Б.Өтеміс, Д.Исмагулов, Д.Райымбердиев, О.Тұрғынбек, Н.Қабжанова, А.Данченко, О.Аққожа, Е.Мамбетов сахна төріне көтеріліп, өнер-білім ордасының қабырғасында алған білімдерін паш етті.

Концертмейстерлер Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары: Б.Қойшыбаева, Н.Макаревич, Н.Луценко, Э.Пак, И.Гавриленко, Ф.Жаманкулова, Р.Сүлейменов, Ж.Абдикадирова, И.Родионова, М.Бузлуцкая, М.Имангалиева. Жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Ян Рудковский.

Бағдарламада отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалды.
Альбомдарға оралу