Студенттік Ассамблеяның салтанатты ашылу рәсімі өтті
31 қаңтар 2025
31 қаңтар күні жастар арасында көшбасшылықты дамыту, студенттік бастамаларды қолдау және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жаңа бастама - Студенттік Ассамблеяның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының көрнекті өкілдері қатысты:
- Тимур Джумурбаев — Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасы
Рустам Кайрыев — Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Қазақстанның ұйғыр жастары одағының төрағасы
Құралай Түспекова — Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық ұжымдары ассоциациясының төрағасы, Ұлттық Дельфий комитетінің төрағасы.
Анна Торосян — Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, «Наири» армян мәдени орталықтары қауымдастығының вице-президенті
Омар Мохаммедсаруар — Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Алматы қаласы «Жастар Ассамблеясы» РҚБ өкілдігі төрағасының орынбасары
Жиынға консерватория ректор Гаухар Тасбергенова, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Гүлнар Әбдірахман және тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Наурыз Құлданов қатысты. Кездесу барысында консерваториямыздың 3-курс студенті Медина Асхат Студенттік Ассамблеяның төрағасы болып сайланды.
Ассамблеяның құрылуы —еліміздің мәдениетін, өнері мен қоғамдық өмірін дамытуға үлес қосуға қабілетті белсенді, бастамашыл және ұйымшыл студенттік қауымдастықты құру жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024