Menu HELPDESK

Ульрих Моргенштерннің мастер-классы өтті

 

2024 жылы 4 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында, шақырылған шетелдік ғалым, өнертану докторының (Dr. Hab.), Вена музыка және орындаушылық өнер университетінің Халық музыкасы және этномузыкология кафедрасының профессоры Ульрих Моргенштерннің (Вена, Австрия) мастер-классы өтті.

«Этномузыкология тарихындағы «Халықтық музыкалық аспаптар» және «Ұлттық музыкалық аспаптар» ұғымы» атты мастер-класс аясында профессор У. Моргенштерн өзінің ғылыми зерттеулерінің бірегей материалдары мен нәтижелерін ұсынды, әртүрлі мәдениеттердегі музыкалық аспаптарды жіктеу мен зерттеудің әртүрлі тәсілдерін талқылады. Шеберлік сабағына «Музыкатану», «Композиция», «Дәстүрлі музыкалық өнер» және «Аспаптық орындау» білім беру бағдарламаларының студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ Консерватория оқытушылары қатысты.

Консерватория профессор У. Моргенштернге сапары үшін алғыс айтады және Вена музыка және орындаушылық өнер университетімен ынтымақтастықты жалғастырады деп үміттенеді! Сондай-ақ, іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Almaty Tourism Bureau, Улы Дала және БанкЦентрКредитке алғыс білдіреді.

 

 

 

Альбомдарға оралу