Menu HELPDESK

Воронеж әріптестерімен кездесу



2024 жылдың 4 шілдесінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әкімшілігі Воронеж мемлекеттік өнер институтының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Консерватория атынан өткен кездесуде ғылыми-шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Галия Бегембетова және халықаралық бөлім басшысы Дамир Уразымбетов, ВМӨИ ректоры Сергей Карповпен, ғылыми және шығармашылық жұмыс жөніндегі проректордың м. а. Олег Девуцкиймен және оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың м. а. Галина Христовамен академиялық ұтқырлық жөніндегі ынтымақтастықтың егжей-тегжейін және басқа да мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша 2024–2025 оқу жылында бакалавриат студенттерімен алмасу, сондай-ақ одан әрі бірлескен жобалар бойынша келісімге қол жеткізілді.



Альбомдарға оралу