Menu HELPDESK

«Жалпы фортепиано» кафедрасының доценті қазылар алқасының жұмысына қатысты

Ресейдің Новосибирск қаласында өткен А.Р. Близнюк атындағы фортепианодан II Халықаралық  байқауында  қазылар алқасының құрамында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Жалпы фортепиано» кафедрасының доценті И.В. Олексенко болды.

2025 жылдың 26 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Ресейдің М.И. Глинка атындағы Новосибирск мемлекеттік консерваториясында А.Р. Близнюк атындағы фортепианодан II Халықаралық байқауы өтті. Қазақстан Республикасынан қазылар алқасының жұмысына қатысу үшін «Жалпы фортепиано» кафедрасының доценті, «Құрмет» орденінің кавалері, халықаралық байқаулардың лауреаты Олексенко И.В. шақыртылды. Байқаудың ашылу рәсімінде қазылар алқасы мүшелерінің концертіне консерваторимыздан барған оқытушы да  атсалысты.

Байқау аясында «Жалпы фортепиано қазіргі заман музыкантының қалыптасуында» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда И.В. Олексенко «Арнайы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы М.Я. Сеппен бірлесіп, «Фортепианалық транскрипциялар орыс романсы жанрын насихаттаудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

 
Альбомдарға оралу