Жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөнінде комиссия отырысы болып өтті
2024 жылдың 21 маусымында мәжіліс залында консерваторияда жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу (жолдама беру) жөнінде комиссия отырысы болып өтті.
Жиын барысында комиссия төрағасының орынбасары, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор М.А.Ешмұханов өз сөзінде бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі түлектердің иеленген мамандығы бойынша республикамыздың мәдени ошақтары мен білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасып, білікті маман атануларына қолдау көрсету екендігін атап өтті.
Сондықтан студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімімен қатар әрбір факультет деканы тығыз байланыста жұмыс жасап, түлектерге нарықтағы бос жұмыс орындарына орналасуға барынша жәрдем беру керек. Сонымен қатар, жиын барысында көптен күрмеуі шешілмей жүрген бірқатар мәселелер өз деңгейінде қарастырылды.