Menu HELPDESK

«Сырлы әуен» концерті

27 сәуір
18:00
Камералық зал



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Шопен атындағы камералық залында ҚР Мәдениет саласының үздігі, аға-оқытушы Гүлфайруз Далбағайдың «Сырлы әуен» атты сыныптық концерті өтті. 

Гүлфайруз Есімханқызы – консерватория қабырғасында талай жыл еңбек етіп, келешегінен көп үміт күттіретін қаншама өнерлі шәкірт тәрбиелеп келе жатқан жан. Оның мол тәжірибесі мен орындаушылық шеберлігі жас өнерпаздарға шабыт беруде.
Аталмыш шараға елімізге танымал ансамбльдер қатысты. Олардың ішінде Гүлфайруз Есімханқызының бастамасымен құрылған «SazArt» cазсырнайшылар ансамблі, ҚР Мәдениет үздігі Марат Жалбыров жетекшілік ететін «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, ал концертмейстер Баян Болжирова болды.
Қоңыр үнге толы аспапта орындалған әуендер залға жиналған көпшілікті бірден тәнті етті. Көрермен сиқырлы әуенінде дала сыры мен бабалардың жыры бар аспапты серік еткен жандардың орындау шеберлігіне сүйсінді. Бүгінгі «Сырлы әуен» кеші көрермен қауымға ерекше әсер етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны анық.










вернуться к списку концертов