Menu HELPDESK

«Жанын әуенмен тербеткен ұстаз» атты музыкалық кеш

7 қыркүйек
18:30
Үлкен зал
7 сентября БКЗ 18.30 каз.jpeg

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Айжан Жолмұхамедованың мерейтойына арналған «Жанын әуенмен тербеткен ұстаз!» атты музыкалық кеш өтті.

Концертке өнер-білім ордасының сахна жұлдыздарына айналған Эльдар Айтбеков, Мақсат Нұрланов, Салауат Кәрібаев, Нұржан Жүсіп сынды озық орындаушы виолончелистері қатысты. Концертмейстер Ғимарат Ерназар болды. Сонымен қатар Ақмарал Әміреева жетекшілік ететін консерваторияның виолончелистер ансамблі де өнерлерін ортаға салды. 

Музыкалық кеште өнерпаздар шетелдік композиторлардың көпшілікке танымал туындыларын орындап, өнерлерімен тыңдарман қауымды тәнті етті. Концерттік кеш залға жиналғандарға естен кетпес ерекше әсер сыйлап, өнер иелері көптің қошеметіне бөленді.









вернуться к списку концертов