Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерватория докторанты Қазақстандағы креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын талқылауға қатысты
Консерватория докторанты Қазақстандағы креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын талқылауға қатысты
II оқу жылының докторанты Әсел Имае (арт-менеджмент) 16 қыркүйекте AlmaU университетінің Qaynar bulak алаңында офлайн және онлайн өткен Қазақстандағы креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын талқылауға қатысты.
21 қыркүйек 2021
Консерватория студенті әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды
Консерватория студенті әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Оркестрлік дирижерлеу» мамандығының 2 курс студенті Сәтқозы Мұхтар әлемге әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды.
Қазақстан бойынша 850 студенттің арасынан 46 студентке ғана бұйырған айтулы стипендия жыл сайын ең үздік студенттерге берілетін беделді сыйлық болып табылады. Студентіміз аталмыш стипендияға ие болған алғашқы музыкант болып отыр.
16 қыркүйек 2021
Консерваторияда Президент Жолдауы талқыланды
Консерваторияда Президент Жолдауы талқыланды
2021 жылғы 2 қыркүйекте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік өкілдері мен білім алушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.  
2 қыркүйек 2021
Консерватория студенті айтулы халықаралық байқауда дипломант атанды
Консерватория студенті айтулы халықаралық байқауда дипломант атанды
Құрманғазы атындағы ҚҰК "Вокалдық өнер" кафедрасының 4-курс студенті (ұстазы Г.А. Нұрғалиева) МАДИНА ОРАЗБАЙ 14-21 тамыз аралығында Санкт-Петербург қаласында мемлекеттік академиялық капеллада өткен Елена Образцованың XIII Халықаралық жас опера әншілері байқауының финалисті және дипломанты құрметіне ие болды. 170 қатысушы арасында Мадина өз елін абыроймен көрсетіп, байқаудың 15 финалистерінің қатарына енді.
Байқау 3 тур бойынша өтті. 1-ші және 2-ші тур фортепианоның сүйемелдеуімен, ал 3-ші тур Санкт-Петербург қаласының мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Жас әншінің талантын халықаралық қазылар алқасы бағалады, атап айтқанда Джулия Лагаузер (Франция) - "Opera for Piece" халықаралық жобасының менеджері, жетекшісі;
Алессандро Ариози (Италия) – "Ariosi Management" арт-агенттігінің басшысы;
Ольга Бородина (Ресей) – опера әншісі, Мариин театрының солисі, Ресейдің Халық әртісі, Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, А. И. Герцен атындағы РМПУ профессоры;
Маквала Касрашвили (Ресей) - опера әншісі, КСРО Халық әртісі, Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, П. И. Чайковский атындағы ММК профессоры, Ресейдің Үлкен театрының бас дирижері және музыкалық жетекшісінің көмекшісі;
Марина Мещерякова (Ресей, Австрия) - опера әншісі, педагог, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі;
Лариса Гергиева (Ресей) - Ресейдің Халық әртісі, Мариин театрының жас опера әншілері академиясының көркемдік жетекшісі;
Сергей Лейферкус (Ресей, Ұлыбритания) - опера әншісі, педагог;
Тэдди Герстел (Швейцария) - Опера менеджері, Gerstel International Opera Management агенттігінің басшысы.
Сондай-ақ, Мадинаның финалдық турда көрсеткен орындаушылық шеберлігі мен әртістігі туралы бірнеше мақалаларда жазылды. Оның М. Глинканың "Руслан мен Людмила" операсындағы Людмила Каватинаны асқан шеберлікпен орындағанын ерекше атап өтті.
2 қыркүйек 2021
1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қымбатты достар!  2021 жылдың 1 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының факультет декандары, кафедра меңгерушілері және куратор-эдвайзерлерінің қатысуымен 1 курс студенттерімен онлайн және офлайн форматта кездесулер өтті. Кездесу барысында консерватория ұстаздары студенттерді 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтап, консерваторияның екі корпусында өтіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты аралас оқу үлгісінің мән-жайын, биылғы оқыту форматын түсіндірді.
Студенттерге оқу жұмыстарына және кредиттік технологияға қатысты толық ақпарат беріліп, консерваторияның сайты, академиялық күнтізбе, оқу жұмыс жоспары мен басқа да қосымша ақпараттар берілді.
Бірінші курс студенттері «Платонус» автоматтандырылған ақпарат жүйесімен жұмыс істеу әдістерімен танысты. Нақтырақ айтсақ:
-    Оқытушылардың пәндеріне тіркелу;
-    Тапсырмаларды алу және орындалған жұмыстарды жүктеу әдістері;
-    Жеке жоспарларын жасау;
-    Академиялық үлгерімінен ақпарат алу және т.б.;
Сонымен қатар, семестраралық бақылаудың және қысқы-жазғы емтихандардың өту үлгісі мен бағалануы, кәсібилікті арттыруға және академиялық ұтқырлықтан өту мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттар да берілді. Оқу барысындағы тәртіп, жатақханада тұру ережелері, кітапхана қорымен дұрыс жұмыс істеу және консерваторияның негізгі құрылымдық бөлімдері жайына сөз қозғалды.
Сондай-ақ, студенттер де өз тараптарынан сұрақтар қойып, топтық сабақтардың өту үлгісі, халық аспаптары оркестрінің, симфониялық оркестрдің және үрмелі оркестр сабақтарының өту үлгісіне қатысты сауалдарына жауап алды.
2 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ 2021
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ 2021
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын арнады.
Президент Жолдауы – еліміздің жыл сайынғы даму стратегиясын айқындап беретін маңызды құжат. Құжатта ең басты міндет – халықтың әл-ауқатын көтеру екені айрықша айтылып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндеттер белгіленді. Әлемде орын алған пандемия көптеген түйткілді мәселелердің бетін ашып, сондай-ақ жаңа үрдістердің қалыптасуына ықпал етті. Әсіресе білім беру ісіндегі қашықтықтан оқыту мәселелері сала мамандарына жаңа талаптар ғана емес, сонымен қатар мүмкіндіктер де туғызуда.

Мемлекет басшысы жаңа уақыт талаптарына сәйкес еліміздің экономикалық дамуына, өнеркәсіпті күшейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауылшаруашылығы саласына аса көңіл бөлуге, білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес және әлеуметтік мәселелер секілді елдегі барлық саланың жұмыстарына қатысты міндеттерді бекітіп берді. Сондай-ақ Президент педагогтардың мәртебесін арттыру, оларды қолдау ісінің жалғаса беретінін және театр, кино, әдебиет, музыка, бейнелеу сияқты өнер салаларында шығармашылықпен айналысатын жастарды қолдау, олардың жаңашыл бағыттағы жұмыстарына тиісті деңгейде баға беріп, сыйлықтар тағайындау, ынталандыру керектігін де назарға алып, тиісті ведомстволарға тапсырды.
1 қыркүйек 2021
Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты дөңгелек үстел өтті
Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты дөңгелек үстел өтті
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, еліміздің белді қоғам, мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.
- Өзбекәлі ағамыз XX ғасырдыӊ 70-ші жылдары Кеңес үкіметінің дәуірлеп тұрған уақытында Қожа Ахмет Ясауи кесенесініӊ қайта қалпына келтірілуіне ұйытқы болып, әулие кесенесі негізінде «Әзірет Сұлтан»  қорық-музейінің құрылуына орасан зор үлес қосты. Биыл Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы деп жарияланды. Елімізде рухани қазынамызды сақтап, ұрпаққа жеткізуді көздейтін мемлекеттік деңгейдегі түрлі бастамалар тұрақты түрде қабылданып келеді, деді өз сөзінде ведомство басшысы.

Аталмыш жиынға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев қатысып, ұлттық жәдігерлерімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, болашақ ұрпақ игілігіне жаратуға өлшеусіз үлес қосқан этнограф-ғалым туралы келелі баяндама жасады. Сондай-ақ конференцияға ZOOM платформасы арқылы «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, музыкатанушы-ғалым Айжан Бердібаева да қатысып, «Ө.Жәнібеков еңбектерінің ұлттық музыка мәдениетіндегі орны» тақырыбында өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды.
27 тамыз 2021
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі қаулысы шықты
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі қаулысы шықты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 25 тамызындағы №36 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы  және санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы.
26 тамыз 2021