Консерватория жаңалықтары
Профессор Б.И. Қарақұловтың 80 жылдығына арналған Халықаралық дөңгелек үстел өтпек
Өнертану докторы, профессор Б.И. Қарақұловтың 80 жылдығына арналған «ПРОФЕССОР Б.И. ҚАРАҚҰЛОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ МУЗЫКАТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтпек.
1 сәуір 2022
Кітап ордасындағы Жаңа жыл!
2022 жылғы 31 наурызда Ұлттық кітапханада жаңару мен жаңғырудың символы болған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараны «Қазақ» радиосы мен «Шалқар» радиосының Алматы студиясының жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, журналист Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.
Іс-шараны «Қазақ» радиосы мен «Шалқар» радиосының Алматы студиясының жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, журналист Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.
31 наурыз 2022
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
Бүгін, наурыздың 31-і күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ғылыми кеңестің мәжілісі өтті.
Жиналысқа Ғылыми кеңес мүшелері, бірқатар кафедра меңгерушілері және бөлім басшылары қатысты. Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Г.Б. Әбдірахман, Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметінің басшысы А.С. Сарымсақова, Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі Ж.Ж. Ысқақов, Ғылыми бөлім жетекшісі Д.Е. Кешубаева, Ақпараттық саясат бөлімінің басшысы С.А. Қансейіт күн тәртібі бойынша әзірлеген өз баяндамаларын кеңес мүшелерінің назарына ұсынды.
Ортаға салынған мәселелер бойынша атқарылуға тиісті іс-шаралар белгіленіп, нақтылы шешімдер қабылданды.

XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының «Фортепиано» аталымы бойынша жеңімпаздары анықталды
2022 жылғы 28 және 29 наурызда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Кіші залында жоғары оқу орны студенттерінің арасында «6В02115 – Аспаптық орындаушылық» мамандығы, «Фортепиано» номинациясы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Байқау комиссиясының төрайымы – Қазақстан Республикасының халық артисі, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арнайы фортепиано» кафедрасының профессоры (ВАК) Қадырбекова Гүлжәмиля Ихсанқызы. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамында Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арнайы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі – Ибраева Венера Максимовна, п.ғ.к., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының профессоры – Ибраева Қамарсұлу Ершатқызы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, PhD (6D040100 – Музыкаттану), Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценттері Тілеубергенов Арман Алдабергенұлы және Айғалқаева Ботагөз Бағдатқызы.
30 наурыз 2022
Консерваторияда сценарист-драматург Назгүл Сарыбаймен кездесу өтті
Бүгін өнер-білім ордасында продюсер, журналист, сценарист-драматург Назгүл Сарыбаймен шығармашылық кездесу өтті. Отырысты «Арт-менеджмент» кафедрасы ұйымдастырды.
30 наурыз 2022
Грузиялық профессор Леван Хетагуридің дәрісіне шақырамыз
Грузиялық профессор Леван Хетагуридің "Мәдени саясат: Өткені мен бүгіні" атты дәрісіне шақырамыз
28 наурыз 2022
Флейта өнерінен сыр шертетін Гала-концерт өтеді
6 сәуір күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы филармонияда сағат 19:00-де Эдуардо Бельмар (флейта, Германия), Ержан Құшанов (флейта, Қазақстан), Ирина Стачинская (флейта, Ресей) сынды артистердің қатысуымен Гала-концерт өтеді.
28 наурыз 2022
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өз жұмысын бастады
Бүгін, наурыздың 28-і күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы «Фортепиано» аталымы бойынша өз жұмысын бастады.
28 наурыз 2022
Ұлағатты ұстаз болмысы бөлек жан еді
Наурыздың 26-сы күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы Кіші залында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, профессор (ЖАК) Балым Серәліқызы Қожамқұлованың өмірден өткеніне бір жыл толуына орай өнер майталманын еске алуға арналған концерт өтті. Кеш барысында педагогика ғылымдарының кандидаты, ішекті аспаптар кафедрасының профессоры Сәуле Сейдуәлиқызы Жүсіпова, өнертану докторы, профессор Әсия Ибадуллақызы Мұхамбетова және сіңлісі Салиха Серәліқызы атақты педагог туралы естеліктерімен бөлісті.
Әйгілі театр және кино актері Серәлі (Серке) Қожамқұловтың қызы, белгілі скрипкашы, ардақты ұстаз, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балым Серәліқызы Қожамқұлова қамшының сабындай қысқа ғұмырының 55 жылын шəкірт тəрбиелеуге арнап, мағыналы тірлік кешкен, қазақ өнерінің өрісін кеңейтіп, қанат жаюына өлшеусіз үлес қосқан ұлағатты ұстаз, болмысы бөлек жан еді. Көптеген өнерпаздың шанағынан сиқырлы саз төккен скрипка аспабын еркін меңгеріп шығуына жағдай жасады.
Оқытушылық қызметі жылдарында Б.С. Қожамқұлова жоғары білімді 85 студентті, 10 аспирант пен магистрантты, орта арнаулы білімді 15 түлекті дайындады. Қазақстанның музыкалық мәдениетінің мақтанышы болып табылатын көптеген скрипкашыларды тәрбиелеп шығарды, олардың ішінде концертмейстер, Абай атындағы МАОБТ концертмейстері – Ш. Төлепқалиева, «Астана Опера» концертмейстері – А. Байкенова, ҚазҰӨУ профессорлары А.К. Қармысова, Д.Ж. Жұмабекова, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры С.С. Жүсіпова, профессор, солист және дирижер А.Г. Пьянковский, И. Рахимова-Фрадкина, В. Тен, М. Фрадкин және басқалар бар.
Еске алу кешінде консерватория шәкірттері А. Жұбановтың «Романс», М. Төлебаевтың «Толғау», А. Меттустың «Романс», И. Коганның «Күй-каприз», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі, Құрманғазының «Төремұрат» күйі, Ә. Толғанбаевтың «Бозжорға» күйі секілді туындыларды шалқытты.

27 наурыз 2022
Қабылдау 2024