Консерватория жаңалықтары
КОНСЕРВАТОРИЯ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кітапхана қоры оқу орнының түлегі, отандасымыз, белгілі этномузыкатанушы – доктор, АҚШ-тың беделді университеттері Беркли мен Стэнфордтың көп жылдан бері профессоры, Орта Азия халықтарының мәдениетін насихаттайтын «Silk Road House» қоғамдық ұйымын басқаратын А.Б. Құнанбаеваның жеке кітапханасындағы кітаптармен толықты.
13 сәуір 2021
Раушан Байсейітқызы «Ғылыми мектептің негізін салушы» деген құрметті атаққа ие болды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының педагогикалық ғылымдар кандидаты Шыңдаулова Раушан Байсейітқызына Ресей Жаратылыстану Академиясы «Ғылыми мектептің негізін салушы» деген құрметті атақ берді.
Ғылыми мектеп «Ноогуманизм – қазіргі заманның жаңа дүниетанымдық парадигмасы» деп аталады. Құрметті атақпен қатар Раушан Байсейітқызы Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондет мүшесі ретінде қабылданды. Бұған дейін Р.Шыңдаулова Ресей Жаратылыстану Академиясы тарапынан академия профессоры, Ғылым және білім беруге еңбегі сіңген қайраткер атағын алып, В.И. Вернадский медалімен марапатталған.
Раушан Байсейітқызын қос бірдей қуанышымен құттықтаймыз! Алда тек шығармашылық табыс, биік кәсіби жетістіктер мен қажымас қайрат тілейміз!

12 сәуір 2021
Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы ІІ Халықаралық студенттер байқауы өтті
2021 жылдың 8-9 сәуір күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы ІІ Халықаралық студенттер байқауы өтті.
Менеджмент саласындағы мамандандырылған және қызығушылық танытқан студенттердің басын қосқан байқау - Арт-менеджмент саласындағы білім беру қызметінің тиімділігін арттыруға және шоғырландыруға бағытталған іс-шара болды.
Байқаудың мақсаты - студенттердің арт-менеджмент саласындағы интеллектуалды белсенділігін арттыру.
Ұйымдастыру комитеті профильдік бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын практик менеджерлер, жұмыс берушілердің және жоғары оқу орындары өкілдерінің арасынан қазылар алқасын құрды.
Байқау үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Байқауға қатысушылар - Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы шығармашылық университеттерінің 1-4 курс студенттері (бакалавриат) болды.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
1 кезеңде - шығармашылық іс-шараға арналған жобаның презентациясын қорғау;
2 кезеңде - ахуалды басқаруға арналған шығармашылық тапсырмалар.
Байқау Zoom платформасында онлайн режимінде өтті.
Байқауды ұйымдастырған: «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ.
Байқау жеңімпаздары келесі нәтижелер бойынша марапатталды:
Бас жүлде иегері:
• Төлеу Рауана Бекболатқызы - Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы. «Арт-менеджмент» мамандығы 3 курс студенті. Жобаның тақырыбы – «Spoon Show». Жоба жетекшісі - Малаева Раушан Аманбекқызы.
1-ші орын иегері:
• Зейнулла Даяна Қайратқызы - Қазақ Ұлттық Өнер университеті. Жобаның тақырыбы - Реалити-шоу «Q-GENERATION». Жоба жетекшісі - Ильясов Жақсыгелді Қалкенұлы.
2 орын иегерлері:
• Әшірбекова Анель Ержанқызы - Қазақ Ұлттық Өнер университеті. Жобаның тақырыбы - Иммерсивное шоу «Бессмертие-Коркут-Музыка» Жоба жетекшісі - Арғынов Бабыр Мейрамұлы.
• Ахметуллина Ажар – Қазақ Ұлттық Өнер Университеті. Жобаның тақырыбы - фестиваль «Экофест».
3 орын иегерлері:
• Умарходжиев Елисей Константинович - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы. Жобаның тақырыбы - «Фестиваль чая». Жоба жетекшісі - Сорокина Юлия Владимировна.
• Солтанбек Айжан Қуанышқызы / Сұлтанбай Арман Мұқанұлы - Қазақ Ұлттық хореография академиясы. Жобаның тақырыбы - «Ұлы көш» эксперименталды көше перфомансы.
Жоба жетекшісі - Шаримов Алпамыс Ускенбаевич.
• Байжомартова Айдана Қанатқызы - Қазақ Ұлттық Өнер университеті. Жобаның тақырыбы - Creative agency “Light Entertainment”. Жоба жетекшісі - Арғынов Бабыр Мейрамұлы.

Студентіміз «Жас ғалым ‒ 2021» атты студенттердің ІІІ Республикалық ғылыми көрмесінде жүлдегер атанды
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында білім алып жатқан 2 курс студенті Бахытгүл Даниялова Назарбаев университеті және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі ұйымдастырған «Жас ғалым ‒ 2021» атты студенттердің ІІІ Республикалық ғылыми көрмесінде «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» аталымы бойынша ІІІ орын жүлдесімен марапатталды.
9 сәуір 2021
Ғалия Молдакаримованың жаңа оқу құралы жарық көрді
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Ғалия Молдакаримованың «Ғалия Молдакаримова ойнайды (орындайды)» атты жаңа оқу құралы жарық көрді.
5 сәуір 2021
Министр музыкатанушы ғалым Ю.П.Аравинді мерейлі 80 жасымен құттықтады!
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев мерейлі 80 жасқа толып отырған ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкатанушы, ардагер ұстаз Юрий Петрович Аравинді халқымыздың игі дәстүрі бойынша иығына шапан жауып құттықтап, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Құттықтау хатын табыстады. Юрий Петровичтің отбасы арнайы құттықтай келген сыйлы қонақтардың ерекше ықыластарына риза болып, алғыстарын білдірді.
2 сәуір 2021
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы
Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы жағдайында кәсіпкерлік субъектілері жұмысының оңтайлы режимін, сондай-ақ халықты COVID-19-ға қарсы жаппай иммунауды жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27.03.2021 жылғы № 12 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді
29 наурыз 2021
ҚҰРМЕТТІ "ДИРИЖЕРЛЕУ" МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ!
Эразмус+ халықаралық бағдарламасы мен Краков музыкалық академиясының (Польша, Краков қ.) келісімі аясында "Дирижерлеу" мамандығы бойынша 2021-2022 оқу жылына бір семестр мерзімінде студенттерді қабылдау жарияланады.
29 наурыз 2021
Онлайн байқау жеңімпаздары анықталды
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Осы орайда, халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады», - деген еді. Осы орайда елімізде Ұлыстың ұлы күнін тойлауға аса жоғары мән беріліп, мейрамның халық арасындағы мәртебесін арттыруға жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
27 наурыз 2021
Қабылдау 2024