Консерватория жаңалықтары
«Мен Наурыз мейрамын қалай тойлар едім?» онлайн конкурсы
2021 жылдың 27 наурызында «Арт-менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен аталмыш мамандық студенттері арасында «Мен Наурыз мейрамын қалай тойлар едім?» онлайн конкурсы өтпек. Жобаны ұсынушы – кафедра доценті Раушан Малаева. Байқау Zoom платформасы арқылы өтеді.
Шара мақсаты:
- Наурыз мейрамының халық арасындағы мәртебесін көтеру үшін оны жаңаша тойлаудың форматтарын қарастыру;
- «Арт-менеджмент» мамандығы студенттерінің ізденістерін арттыру;
- Ұлттық мәдениетімізді заман талабына сай насихаттаудың үлгілерін дамыту;
Қазылар алқасының төрағасы «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Сағатбек Қалиев.

26 наурыз 2021
АРДАГЕР ҰСТАЗ БАЛЫМ ҚОЖАМҚҰЛОВА ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Ұстаз, ғалым, тамаша қасиеттерді бойына сіңірген таңғажайып тұлға Балым Серәліқызы Қожамқұлова өмірден озды. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі, сондай-ақ Ы.Алтынсарин және «Мәдениет саласындағы үздігі» медалінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Ішекті аспаптар» кафедрасының (ЖАК) профессоры.
26 наурыз 2021
Қазақтың Қаршығасы тірі болғанда 75 жасқа толар еді...
Бүгін – Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дәулескер күйші, талантты композитор Қаршыға Ахмедияровтың туған күні. 65 жасқа қараған шағында дүние салған күйшінің көзі тірі болғанда биыл 75 жасқа толар еді.
Қаршыға Ахмедиярұлы 1946 жылғы 25 наурызда қазіргі Атырау облысы, Ма¬хамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келді. 1972 жылы Алматы мемлекеттік кон¬серваториясының «Халық аспаптар» факультетін тәмамдаған. 1986-1988 жылдары Мәскеу қаласында Жоғары дирижерлік курста оқыған. 1967-1994 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық оркестрінде домбырашы, кейін¬нен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметін атқарған әрі көркемдік кеңестің мүшесі болған. 1974 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет атқарған. 1994 жылдан профессор, 1996 жылдан «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істеген.

25 наурыз 2021
Консерваториямыздың 1 курс докторанты Имае Әсел Назымбекқызы Creative Sparks халықаралық жобасына қатысып жатыр
Арт-менеджмент мамандығының 1 курс докторанты Имае Әсел Назымбекқызы Creative Sparks халықаралық жобасына қатысып жатыр. Халықаралық топтың құрамына Ұлыбритания, Қазақстан, Украина және Польша өкілдері кіреді. Creative Sparks – бұл Британдық Кеңестің Ұлыбританияның университеттері мен білім беру мекемелері және креативті экономиканы дамыту мақсатында креативті кәсіпкерлік дағдыларын дамыту саласындағы жобаға қатысушы елдер арасындағы халықаралық әріптестікті дамыту жөніндегі бес жылдық бағдарлама. Жобаға Орта Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказ (Азейрбайджан, Армения, Грузия) және Украина елдері қатысып жатыр.
Осы кезеңде "COVID-19 пандемиясының музыка индустриясына әсері" сауалнамасы жасалды. Зерттеу Британдық кеңестің қолдауымен Creative Spark Higher Education Enterprise Programme зерттеу жобасы аясында Хенли Бизнес мектебі, Ұлыбритания Рединг университеті және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен бірлесіп жүргізіліп жатыр.
Осы зерттеудің мақсаты Қазақстандағы музыка индустриясына COVID-19 пандемиясының әлеуметтік және экономикалық әсерін зерттеу болып табылады. Жобаның мақсатты аудиториясы - музыканттар, суретшілер, фрилансерлер, композиторлар, әншілер және осы салаға қатысы бар басқа да тұлғалар. Осы деректерді жинау арқылы біз COVID-19 пандемиясының ықтимал салдары туралы білімді кеңейте аламыз, сонымен қатар егер мүмкін болса, бүкіл ел үшін әсер ету саясатын қадағалай аламыз.

18 наурыз 2021
СТУДЕНТТЕР НАЗАРЫНА!!!
Эразмус+ халықаралық бағдарламасы және Виго консерваториясымен (Виго қ., Испания) келісім аясында 2021-2022 оқу жылында келесі мамандықтар бойынша бір семестрге студенттерді қабылдау жарияланады:
Бакалавриат деңгейінде: «Ішекті аспаптар», «Үрмелі аспаптар» мамандықтарының 2-3 курс студенттері.
Гранттар саны - 4: 2 (2021 жылғы қыркүйек – 2022 жылғы қаңтар), 2 (2022 жылғы қаңтар-мамыр), өтінімдер саны шектелмеген.
Конкурс мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындар үшін де, ақылы негізде оқитындар үшін де ашық.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидат мынадай өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келуі тиіс:
• ҚР азаматы;
• Алдыңғы оқу кезеңіндегі жоғары академиялық үлгерім;
• Жауапкершілік және коммуникабельділік.
Іріктеуді жіберуші және қабылдаушы Тараптың оқытушылар құрамы мен үйлестірушілері жүргізеді.
Мүдделі кандидаттарға сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өту қажет: https://aec.dreamapply.com. Онлайн өтінімде жіберуші ЖОО ретінде - Құрманғазы атындағы консерваторияны, ал қабылдаушы ЖОО ретінде Виго консерваториясын таңдау қажет (choose your institution as home institution and create the mobility to Vigo).
Үміткерлерге internationaldep.knc@mail.ru электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет құжаттар төмендегідей:
1. Ағылшын тіліндегі түйіндеме (Europass format, интернетте еркін қол жетімді)
2. Кафедра меңгерушісі мен тиісті факультеттер деканының қазақ/орыс тілдеріндегі екі ұсыныс хаты.
Ұсынылған деректер негізінде конкурстық іріктеуден сәтті өткен жағдайда, қолданыстағы IELTS сертификатын (кемінде 5,0) ұсыну қажет. Сертификат беру керек
1) 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 2 адам.
2) 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 2 адам (міндетті шарт), сертификаттың қағаз нұсқасын беру 14 күнтізбелік күнді алатынын назарға алуды сұраймыз.
Назар аударыңыз: қолданыстағы IELTS сертификатының болуы грант алуға кепілдік бермейді.
Іріктеуден сәтті өткен студенттер Виго қаласында 1 семестр (5 ай) мерзімге барлық шығындарды (тұру, тәуліктік, көлік) өтейтін ай сайынғы стипендиямен оқитын болады.
Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімі: 30 сәуір 2021 ж.
МАҢЫЗДЫ!!! Өтінім берер алдында үміткерлерге Виго консерваториясының пәндерін өз бетінше таңдау немесе Виго консерваториясының пәндеріне сәйкестігін алдын ала талдау/таңдау үшін факультет деканының/кафедра меңгерушісінің көмегіне жүгіну қажет. Бұл міндетті рәсім, өйткені таңдалған пәндерді кандидаттар онлайн-тіркеу кезінде көрсетеді.
Консультацияны халықаралық бөлімнің телефон нөмірі бойынша алуға болады:
Халықаралық байланыстар бойынша аға менеджер – Ақжан Ерікқызы, +77783120915

15 наурыз 2021
ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК – ТАБЫС КІЛТІ
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындау жобасын ұйымдастырады.
15 наурыз 2021
Әнші-ұстаз Нариман Қаражігітов дүниеден озды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры және ұжымы Қазақстанның халық артисі, опера өнерінің майталманы Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітовтің дүниеден өтуіне байланысты отбасына, туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.
Нариман Нұрмұхамедұлы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер елдімекенінде 1934 жылы дүниеге келді. Оның өнерге және әнге деген құштарлығы бала кезден ерте оянған. 1958 жылы қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Жеке ән салу» бөліміне оқуға түсіп, бүгінде әншілердің атасы аталып кеткен Бекен Жылысбаевтың класына қабылданады. Ал 1965 жылы консерваторияны аяқтағаннан кейін Абай атындағы опера және балет театрының әншісі болып қабылданды. Содан бері оның өмірі, жан тылсымы сонымен біте қайнап келді. Өнер иесі лирика-драмалық тенорлы дауысымен сахналық қойылымдарда ерекше рөлдерді сомдап, көрермен көзайымына айналды. Нариман Қаражігітов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында біліп алып қана қоймай, біраз жылдар бойы қазіргі «Халық музыкасы» факультетінде ұстаздық қызмет атқарған. Оның шәкірттерінің қатарында белгілі әншілер: ҚР халық артисі Ғафиз Есімов, ҚР Еңбек сіңірген артисі, марқұм Бақытжан Ысқақов, «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Мұрат Құсайынов және басқа да көптеген өнер майталмандары бар.
Марқұмның иманы саламат, жатқан жері жаннатта болсын!

Белгілі қазақ музыкатанушысы, өнертану кандидаты Мәриям Мұхатайқызы Ахметова 100 жаста!
Мариям Мұхатайқызы Ахметова 1921 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Шу ауданы Кеңес (Кукбастау) ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Алматы музыкалық училищесін, 1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының тарихи-теориялық факультетін бітірген. 1951 жылы ҚазКСР ҒА Президиумы жанындағы өнертану секторы Мәриям Мұхатайқызын Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының аспирантурасына өнертану докторы, профессор В.М. Беляевтің сыныбына іссапарға жіберді.
Мариям Мұхатайқызы Ахметова 1957 жылы «Қазақтың халық дәстүрлері және оның Кеңестік Қазақстан композиторларының ән шығармашылығындағы дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1958 жылдан ҚазКСР ҒА Әдебиет және өнер институтының музыка өнері бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Сол жылы КСРО Композиторлар Одағының мүшесі, 1962-1968 жылдары музыкатану секциясының жетекшісі, ал 1968 жылдан бастап Қазақстан Композиторлар Одағының Басқарма мүшесі болды. 1962 жылы КСРО Композиторлар Одағының III және IV съездерінің делегаты, ал 1972 жылы XIX - XX ғғ. Орталық Азия елдерінің әлеуметтік және мәдени дамуы бойынша ЮНЕСКО халықаралық конференциясының делегаты болып сайланды.
Оның қазақ халық әнінің өзекті мәселелеріне арналған бірнеше ірі жеке монографиялары бар. Солардың ішінде «Песня и современность» (1968 ж.), «Казахские народные песни о Ленине» (1969 ж.), «Казахские песни» (1970 ж.), А. Жұбанов және Б. Ерзаковичпен бірлесе жазған «Казахская советская музыка» (1975 ж.), «Традиции казахской песенной культуры» (1983 ж.), «Ән және уақыт» (1983 ж.) айтуға болады.
Мариям Мұхатайқызы Ахметова – өнертану бойынша кандидаттық диссертациясын Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен Кавказ өңірінде қорғаған алғашқы қазақ әйелі.
Бүгін қазақ музыкатанушысы, өнертану кандидаты Мәриям Мұхатайқызы Ахметова 100 жасқа толып отыр. Мәриям Мұхатайқызын 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз

13 наурыз 2021
Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен марапатталды
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығы бойынша бүгін ұлттық мәдениетті және музыка өнерін насихаттау мен дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін музыка зерттеушісі, ғалым, ұстаз Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен марапатталды. Юрий Петрович «Музей звуков», «Малая антология казахской музыки» сынды көптеген телебағдарламалар арқылы көрермен көзайымына айналған болатын.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында көптеген жыл ұстаздық еткен музыкатанушыны қазақ музыкалық фольклорының білгірі ретінде әріптестері де жоғары бағалайды. Консерватория ұжымы Юрий Петровичті марапатымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейді!

Қабылдау 2024