Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Студенттеріміз Беларусь Республикасында өткен байқауда лауреат атанды
Студенттеріміз Беларусь Республикасында өткен байқауда лауреат атанды
Жуырда консерваториямыздың «Халық музыкасы» факультетінің студенттері Беларусь Республикасының Старо-Борисов қаласында өткен «Натхненне роднага краю» атты III Халықаралық вокал және аспаптық шығармашылық байқау-фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанды. Аталмыш байқауда қазылар алқасының құрамында ұйымдастырушылардың шақыруымен консерваториямыздың профессоры Ерсайын Басықара төрелік етті. Өнер додасында Бексұлтан Бақыт, Назерке Базарбаева, Арна Батиханов, Мұстафа Марат, Әсел Арман, Кристина Тигай I дәрежелі, Мирас Мағжанов пен Ғалия Күнтаева II дәрежелі, ал Назира Қараш III дәрежелі дипломдармен марапатталып, лауреат атағын иеленді. Жеңімпаз студенттерімізді құттықтап, ұстаздары А.Райымбергенов, К.Сахарбаева, Е.Басықара, З.Смакова, Ш.Рауандина, Б.Игілік, А.Кеңегесов және концертмейстерлері С.Мажитова, С.Жанұзақова, Л.Кенжеғұловаларға алғысымызды білдіреміз. Орындаушылық шеберліктерімен көзге түскен өнерпаздарымызға және оларды дайындаған ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!
5 мамыр 2021
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл
Бүгін Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің, ұлттық музыкамыздың дамуына зор үлес қосқан қайраткер тұлға, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл толып отыр. Күй атасы Құрманғазының есімін, мұрасын ұрпақ кәдесіне жаратуға тікелей еңбек сіңірген, қазақтың музыкалық аспаптарын жетілдіріп, халық аспаптары оркестрінің негізін қалаған ғалым-композитордың есімі ел тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Ахмет Қуанұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 1945-1951жылдар аралығында басқарған.


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі Қазақстанның халық артисі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған «Жүрек пернесі» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.
29 сәуір 2021
Консерватория мен Ресей театр өнері институтының басшылығы онлайн-кездесу өткізді
Консерватория мен Ресей театр өнері институтының басшылығы онлайн-кездесу өткізді
2021 жылдың 29 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы Ресей театр өнері институтының (ГИТИС)  ректоры Анатолий Григорьев Заславскиймен және білім ордасының проректоры Ольга Леонидовна Денисовамен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар музыкалық театр режиссурасы және басқа да білім беру, шығармашылық бағыттарында мамандар даярлау үшін өзара ынтымақтастық орнату жөніндегі ойларын ортаға салды.

Консерватория ректоры Арман Әділханұлы өз сөзінде өнер-білім ордасының жұмысы жөнінде кеңінен таныстырып, Ресейлік әріптестердің ерекше ықыласына ризашылығын білдірді. Кездесу нәтижесі бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айында екі елдің шығармашылық білім ордалары арасында ынтымақтастық келісім, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың нақты қадамдары жасалады деп жоспарлануда.


29 сәуір 2021
«Менің мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
«Менің мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Бүгін Zoom платформасында «Арт-менеджмент» кафедрасының доценті Р.А.Малаева «Арт-менеджмент» мамандығының 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен «Менің мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Студенттер өздерінің мамандықтарының қыр-сырын зерттеп, артықшылығы мен кемшіліктері, бүгінгі өзектілігі жайында жан-жақты талқылады.
28 сәуір 2021
Ашық есік күні!
Ашық есік күні!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ашық есік күндері өтеді!
28 сәуір 2021
Консерватория кітапханасында «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабы талқыға түсті
Консерватория кітапханасында «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабы талқыға түсті
Консерваторияның Ғылыми-ақпараттық кітапханалық қызметінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда.
Кітапхана қызметкерлері «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабына жеке тұлғаның дамуы тұрғысынан талқылау ұйымдастырды. ZOOM платформасы арқылы   өткен онлайн-талқыға кітапхана оқырмандары – консерваторияның  I курс студенттері қатысты.
Онлайн-конференция барысында студенттер кітапты оқығандағы әсерімен бөлісіп, Стивен Р. Ковидің әр дағдысына жеке-жеке тоқталды.
«Оркестрлік дирижерлау» мамандығының студенті Мұхтар Сәтқозы: «Өскелең ұрпақтың өз ортасында көшбасшы болуы, жақсы мінез қалыптастыруы үшін аталған кітапты оқудың маңызы зор» деген ой айтты. «Домбыра» кафедрасының студенттері Совет Данияр мен Жаншин Дәулет: «Стивен Ковидің кітабындағы дағдыларды күнделікті өмірде іске асырсақ, жетістікке жеткен адамдардың қатарында боларымыз анық» – деп түйіндеді.
Ал «Қобыз-баян» кафедрасының студенттері Еркін Алима мен Таупыкова Алтынжан кітапхана ұйымдастырған мұндай конференциялар студенттерді кітап оқуға бастайтынын айтып, ризашылығын жеткізді.
26 сәуір 2021
XX ҒАСЫРДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТМҰРАСЫ
XX ҒАСЫРДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТМҰРАСЫ
Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған

«XX ҒАСЫРДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ МҰРАСЫ»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
20 сәуір 2021
«Кәусар» триосы Халықаралық байқауда Гран-при иегері атанды
«Кәусар» триосы  Халықаралық байқауда Гран-при иегері атанды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Кәусар» триосы Халықаралық «Libertà Creativa 2021» фестиваль-байқауына қатысып, «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша Гран-при иегері атанды. Трио жетекшісі, «Домбыра» кафедрасының аға-оқытушысы Нұргүл Жақыпбек.

Айта кетейік, биылғы халықаралық өнер фестиваліне Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей және Греция елдерінің талантты жастары қатысқан. Бас жүлдеге қол жеткізген студенттерімізді құттықтай отырып, алда тек шығармашылық табыстар тілейміз!


15 сәуір 2021
«Кітап – алтын қазына» онлайн челленджі өтті
«Кітап – алтын қазына» онлайн челленджі өтті
Биылғы Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрінің бастамасымен қолға алынған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021» жалпыұлттық акциясын қолдау мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 1 курс студенттерінің қатысуымен  «Кітап – алтын қазына» атты онлайн челленджін өткізді. Жоба ұйымдастырушысы «Студенттер және түлектермен жұмыс жасау» бөлімінің аға-менеджері Мадалиев Ержігіт Нұралыұлы.
Бұл челлендждің басты мақсаты еліміздегі жасөспірімдерді кітап оқуға қызықтыру, оларды қолдау болып табылады. Жобаға консерваторияның әрбір мамандығында оқып жатқан 1-курс студенттері арасынан 12 білім алушы қатысты.
14 сәуір 2021