Консерватория жаңалықтары
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әкімшілігі қазіргі уақытта әлемде COVID 19 вирусына қатысты қалыптасқан жағдайға орай хабарлайды.
13 наурыз 2020
«ТМД үздік студенті» атты талантты жастар кітап жинағына қабылдау басталды!
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
Халықаралық студенттер ассоциясының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан)
«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық
нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын, еліміздің жастарын
қолдау үшін қолға алынған халықаралық «Үздік студент» жобасы аясында «ТМД
үздік студенті» атты талантты жастар кітап жинағының ІІ-ші шығарылымына
құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Құжаттар:
- Ғылым саласында
- Өнер саласында
- Спорт саласында
- Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (ұйымдар төрағалары мен
белсенділері)
жетістікке жеткен жастар қабылданады.
Кітап жинаққа халықаралық, республикалық және аймақтық
олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық
байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары
мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың,
халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.
Жоба қатысушыларына «ТМД үздік студенті» халықаралық үздік
жастардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент» төс
белгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріледі.
Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New
Roman) артық емес автобиографиясы, растайтын құжат көшірмелері (мыс.:
Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс, 3\4 форматтағы сапалы
суретін 2020 жылдың 25-ші наурызға дейін student.kz2019@mail.ru электронды
мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде
қабылданады. (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай
қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төс белгі, грамота
жіберілетін болады).
Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2020 жылдың сәуір
айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында
конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы 5-ші сәуірге
дейін іріктеліп алынған жас ғалымдарға жіберіледі. Қорытынды конференция
барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан марапаттар табыс етіледі.
Ескерту!!!
Ұйымдастыру жарна ақысы қойылған. Жарна туралы ақпарат Сіздер
жинаққа өз құжаттарыңызды жібергеннен соң 3 (үш) күн ішінде қаралып,
жинаққа қабылдау туралы шешім шыққан жағдайда, Сіздердің электронды
мекен-жайларыңызға қосымша ақпарат ретінде жіберіледі.
Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар
арқылы ала аласыздар:
Телефон:
+7 (701) 475 16 38,
+7 (775) 43 699 42
e-mail: student.kz2019@mail.ru
Өтініш кестесі
Қатысушының аты-жөні:
Білім беру мекемесінің атауы:
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы:
3-4 фото суреті.
Телефон номері, және эл.почтасы:
Жетекшісінің толық аты-жөні
Ата-анасының толық

Коронавирустың алдын алу мақсатында Республикалық деңгейдегі іс-шараларға шектеу қойылуда
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті 2020 жылдың 13-14 наурызында жоспарланған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Әбжаппаров Әбдумүтәліп Әбжаппарұлының 70 жылдық мерейтойына арналған және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі – Ахметов Әшімжан Сүлейменұлын еске алуға арналған республикалық ғылыми конференциялардың COVID-19 коронавирусының алдын алу шараларын қолдану мақсатында өтпейтіндігін хабарлайды.
12 наурыз 2020
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатқан XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Қымбатты достар! 2020 жылдың 3 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы басталды. Өнер-білім додасында шығармашылық бағыттағы жоғары оқу орындары және басқа да университеттердің музыкалық факультеттерінің студенттері жеті бағыттағы мамандықтар бойынша сайысқа түспек: «Дәстүрлі музыка өнері», «Аспаптық орындаушылық», «Арт-менеджмент», «Музыкалық білім беру», «Дирижерлеу», «Композиция», «Вокалдық өнер».
XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының алғашқы күні «6B02102 – Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша басталып, алғашқы жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.
«Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша келесі студенттер марапатталды:
I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ - ЖАРЫЛҚАП АИДА
II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - НАУРЫЗБАЕВ БЕКАРЫС ПЕН ЖҮСІП НҰРЖАН
III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ - ҚАЗИЕВА МӘНШҮК, АМАНГЕЛДІ МӘДИ ЖӘНЕ ӘМРЕЕВА Е.
Аталмыш номинация бойынша қазылар алқасына Құрманғазы атындағы ҚҰК-сы, "Ішекті аспаптар" кафедрасының меңгерушісі, ҚР халық артисі – Мырзабекова Гаухар Құрманбекқызы төрағалық етті.
Айта кетейік, өнер мен білім додасы консерватория қабырғасында 10 -сәуірге дейін жалғасады.

5 наурыз 2020
Коронавирус: Сақтық шаралары, алдын алу
Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрі өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден Өзіңіздің денсаулығыңызды қорғау мақсатында төмендегі алдын алу шараларын сақтауды сұраймыз:
- Дене температурасын күніне 2 реттен кем емес өлшеу;
- Ғимараттар мен үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету;
- Күн сайын ылғалды тазалау жүргізу;
- Қолды сабынмен жиі жуу;
- Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т. б.) пайдалану.
- Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармай, медициналық көмекке дер кезінде жүгінуі, сондай-ақ жіті респираторлық инфекция симптомдары кезінде жөтелу этикетін сақтауы қажет (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде аузыңызды жабыңыз және бір рет қолданылатын майлықтармен немесе киіммен шайыңыз және қолыңызды жуыңыз).
- 1406 телефоны бойынша күдікті жағдайлар мен жетіспейтін медициналық көмек туралы хабарлау;
Үй карантині жағдайында оқшауланған адамға:
- жеке жақсы желдетілетін бөлме таңдау;
- оның басқа адамдарға баруын болдырмау;
- халықтың жаппай жиналатын орындарына баруын болдырмау;
- қоғамдық көлікті пайдаландыруға болмайды.
Барлық мектепке дейінгі және мектептегі жалпы білім беру мекемелерінде, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарда (қоғамдық дәретханалар, аналар мен бала бөлмелері, қоғамдық тамақтану объектілері, банк терминалдары, дүкендер, сауда үйлері, жабық базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, метро станциялары және өзге де әкімшілік қоғамдық ғимараттар), сондай-ақ жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарында:
- ЖРВИ (ОРВИ) белгілері бар науқастарға маскалық режим;
- қолға арналған сұйық сабынды және тері антиспетиктері бар мөлшерлеуіштерді, бір рет қолданылатын қағаз сүлгілерді немесе электрлік кептіргіштерді орнату, олардың үздіксіз қолданылуын қамтамасыз ету;
- күн сайын әрбір екі сағат сайын дезинфектантпен сүрту жолымен есіктің тұтқаларын, тұтқаларды, банкоматтарды, лифттердің кнопкаларын, балалар аттракциондарын және электрондық анықтамалардың беттерін дезинфекциялауды жүргізу;
- дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне 2 рет, міндетті түрде желдету арқылы ылғалды тазалау жүргізу;
- барлық ғимараттарды, үй-жайларды күніне кемінде 2 рет: жұмыс күні басталғанға дейін және жұмыс күні ішінде ультракүлгін сәулелендіргіштермен ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз етуді сақтауды ұсынамыз.

Шұғыл хабарландыру! Цинандали фестивалінің тыңдау байқауы өтетін орын өзгерді!
Құрметті қатысушылар! Пан-Кавказдық жастар оркестріне (PCYO) қатысу үшін тыңдау байқауы 2020 жылдың 7 наурызында RIXOS қонақ үйінде (Diamond конференц залы) өтетінін хабарлаймыз!
Мекен жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы 506/99
Басталуы сағат 10:00-де

4 наурыз 2020
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында коронавирустың алдын алу шаралары бойынша жиналыс өтті.
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Қытай Халық Республикасында тіркелген коронавирус инфекциясына байланысты мәжіліс залында факультет декандары, кафедра меңгерушілері және бөлім басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді. Жиналыста ректор Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жолдаған коронавирустық күдік бар науқастарды анықтау кезінде жүргізілетін санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шаралардың алгоритмімен таныстырды.
-Бүгінде елімізде ресми ақпарат бойынша коронавирусты жұқтырған адамдар жоқ. Бірақ бұл ауыр індеттің әлем елдеріне таралып жатқаны баршамызға мәлім. Қазір еліміздің барлық өңірлерінде вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, біз консерватория қабырғасында да ауруға қарсы сақтық шараларды жүргізуіміз керек, - деді сөзінде Арман Әділханұлы.
Ректор осы мәселеге байланысты арнайы комиссия құрып, оқу ғимараттары мен жатақханада санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар және қызметкерлердің шетелдерде өтетін шараларға қатысуларын шектеу, консерватория қабырғасында жоспарланған, көпшілік көп жиналатын шараларды да азайту керектігін айтты.

2 наурыз 2020
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық – білімнің жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел өтті
2020 жылдың 27 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы кітапханасының оқу залында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық – білімнің жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ҚҰК оқытушылары мен студенттерін кітапхана қорындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында жарық көрген кітаптармен таныстырауға, олардың мазмұны мен оқу үдерісінде қолданудағы маңызын айқындауға бағытталды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Құрманғазы атындағы ҚҰК кітапханасы ұжымы, арт-менеджмент, музыкалық білім беру және психология, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларының оқытушылары қатысты.
28 ақпан 2020
Күйші-ұстаз Қуаныш Жұмағалидің шығармашылық кеші өтті
2020 жылдың 27-ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында «Домбыра» кафедрасының доценті, ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші, композитор Қуаныш Жұмағалидің Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ғасырлар үні» атты шығармашылық кеші өтті.
28 ақпан 2020
Қабылдау 2024